Бала деген – болашағы даланың
Бала деген қуанышы ананың.
Егер бала тәрбие алса данадан,
Биік шыңы адалдықтын, сананың.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды. Балалық шақ – әр адамның есте қалатын қызықты сәттері. Кез-келген адамның балалық шағы әрине, балабақшадан бастау алады. Сондықтан, балалардың балабақшадағы балалық шағын қызықты етіп өткізу, олардың ойын, тілін дамыту – біздің қолымызда.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты.
Ол біздің ертеңіміздің болашағы , болашақ иесі– ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан – жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр.
Елбасымыз « 100 мектеп», «100 аурухана», «100 балабақша» салу керек деген мемлекеттік бағдарламасының өзі жоғарыдағы біздің ойымыздың түп төркіні болса керек.
Елімізде жылы да, ашық сезімдерді тудыратын, қөңіл – күйді көтеретін жақсы іс –шаралар атқарылып жатыр. Сондай-ақ 2018 жылы – Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойымен қатарласып келіп отырған Абай қаласындағы Аққу бөбекжайына биыл 10 жыл толып отыр.
КМҚК «Аққу бөбекжайы» 2008 жылы ашылған. Балабақша 200 орынға есептелген және 8 топ қызмет атқарады. Балабақшамызда 2008 жылдан бастап үштілді білім беру енгізілген. Бөбекжай үштілділікті енгізу бойынша арнайы жоспармен жұмыс жасайды. Осы бағытта балаға түсінікті болуы үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау барысында педагогтарымыз әрдайым ізденіс үстінде.
«Аққу бөбекжайы» есігін айқара ашқан кезінен бастап өзінің нақты жоспарлары мен жарқын болашағын айқын көрсете білді. Бұған балақайлардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеру мүмкіндігі мен балдырғандардың жан–жақты ашылып сөйлеп, мектепке жақсы дайындауға жасалған барлық жағдайлар дәлел бола алады.
Бөбекжайдың ашылған күнінен бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Солардың бірі Қарағанды облысының әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолымен жазылған «Жаңа жылдық құттықтау хатын» әкеліп табыстауы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында бөбектерімізге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал, тәрбиеші педагогтарымыз бен тәрбиеленуші ұрпақтарымыз қазірге дейін қалалық, аудандық, облыстық және республика деңгейдегі түрлі сайыстарға қатысып, қаншама жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ бөбектеріміз облыстық «Маленькая страна» шығармашылық сайысына қатысып І орынды, республикалық интелектуалды дистанциондық сайыстан І дәрежелі-2 диплом мен ІІ және ІІІ дәрежелі – 3 диплом иеленсе, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған аудан көлеміндегі «Мен туған елімді жырлаймын!» атты шығармашылық сайыста «Бас жүлдені» иеленді. Педагогтар жетістіктерінің өзі соңғы 2017 жылдан бері ғана 1 жыл ішінде Алматы қаласында өткізілген 28-ші бүкіләлемдік Универсиадаға орай «Универсиада-2017» байқауынан жүлделі І және ІІ дәрежелі дипломдарды иеленіп, осындай аз уақыт ішінде республика деңгейіндегі жинақ пен журнал басылымдарында 19 мақала, облыстық газет басылымына-11, ғылыми-жинаққа 10 мақала жариялап өз тәжірибиелерімен бөліссе, жергілікті «Абай ақиқат» газетіне жүйелі түрде әрбір іс-шараның өткізілуіне орай апта сайын мақалалар басылып отырылады.
Бөбекжай ата-аналарын және қызметкерлерін балабақшаның 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Балабақша ұстаздарына айтатыным жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жаңа қоғамдағы адамгершілік патриотизм және педагогикалық ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамытуға, өз кәсібіне деген ынтасын арттыруға, балалармен жақсы қарым-қатынаста болуға, шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт, белсенділік, отбасыларына бақ-береке тілеймін!
А.Ералиева,
КМҚК «Аққу бөбекжай» директоры,
Қарағанды облысы, Абай қаласы