Home » Балабақша » Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым – қатынасы

Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым – қатынасы

Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз.
Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.
Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет. Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасы отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет ету тиіс.Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлік, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отаның, елін-жерін сүйетін,өз ұлтының салт-дәстүрін,сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп,өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да,жаманды да бойына сіңіреді.Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады.Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Яғни, елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен, отбасына жүктеліп отыр. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі.Ол бала үшін бір үлкен әлем, осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым-қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуге, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі-отбасылық және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілерін камтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп,оны ересек өмірге тәрбиелейді.Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады.Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды.Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу казіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын.Сол себептен балабақша ұжымы, тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек.Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндетіміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.
  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас
  • жақсы қарым- қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас
  • бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынасы;

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді.Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынас ұмытылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.Түйіндей келе отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.Бала әрқашарда ата-анадан жүрек жылуын. Мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды.Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және  ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Қазір отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтық тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық-пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет.Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтық денсаулығын жастайынан сақтау үшін оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Әр отбасында ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп,ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Бүгінгі күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы және тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ана тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді.Біздің балабақшада осы бағытта ата- аналармен талай еңбек етіп өз алдына мынандай мақсат міндеттеріді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу  жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу.Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырады.Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылап отырып  ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық», «Өз ойыңды басқамен бөліс», «Біз біргеміз» «Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-анамен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады. Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырады. Сонымен бірге педагог тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыру талпынады. Әр педагог тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Утешева Каламкас Утеповна,
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы, Қособа ауылы.
ЖББ Қособа ОМБК
ІІ-ші санатты балабақша тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.