Мен Астана қаласы әкімдігінің №83 «Жансая» балабақшасында 2015-жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Алғашқы кезде балабақшада жұмыс жасау өте қиын болды . Кейін жұмыстың бабын, жұмыс жасау тәсілін.үйрене бастаған соң жұмысым өзіме қызықты болды. Бүгінде жас маман ретінде жұмыс істеп келе жатырмын. Аллаға шүкір бәрі жақсы. Осындай мамандық қызығы мен қиындығын өзің бала ортасында жүрген соң түсінеді екенсің .Ал мен ушін балабақшада балалармен жұмыс жасау үлкен бақыт. Себебі:балалар еш нәрсеге алаңдамай мейрімділікке сенеді, жәнеде балалар ортаға отырып, кезекпен маған келіп кішкентай алақанын менің алақанымның үстіне қойып, армандарын өз ойларын жеткізеді.
Пәк көңілді балалармен қарым –қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды.Балаға деген ыстық ықласымды бір сөзбен айтып қоймай, бар жүрегімен, жан-тәнімен сездіртуге тырысамын. Жұмысым күрделі де қызықты. Бұл жұмыстан жалыққан емеспін.Өйткені мен жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды, өмірде ең бір бағалы уақыттым,бақытты кездерім деп санаймын. Таңертең балабақшаға келгенде жас бүлдіршіндерімді қарсы алып, еркелеп сөйлеген сөздерін, жәнеде сыңғырлап күлген күлкісін,«Сәлеметсіз бе?»«Қайырлы таң апай!»деген сөздерді естігенде бойым бір серігіп қалады. Балабақшада тәрбиеші болып, жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Педагогикалық тәжірибеде қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды және сәтті шығуын ойлаймын. Тәрбиеші біліктілігі баламен оқу қызмет үстіндегі әрбір қарым- қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Педагогика шеберінің мәні алдымен қызықтыру, және де үйрету екенін түсіндім. Менің негізгі мақсатым-балаларға жақсы көңіл күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, саналы білім беру. Сөз соңында айтарым сөзіміз –түзү, Еңбегіміз- биік, Рухымыз-мықты болсын десек, тәрбиеші мамандығын құрметтей білейік. Балабақшада дұрыс тәлім –тәрбие бере алсақ балалар келешекте мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.Сондықтан да өзіміз әдептілік пен әдемілікті,мейірімділік пен жауапкершілікті бойымызға сіңіре білуіміз қажет.
Қапаш Әлемгүль,
Астана қаласы әкімдігінің №83 «Жансая»
балабақшасының тәрбиешісі