Home » Балабақша » БАЛАБАҚША – МЕЙІРІМ АЙМАҒЫ

БАЛАБАҚША – МЕЙІРІМ АЙМАҒЫ

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды  тілейтін өнер» — дана ғой халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген.

Біздің педагогикалық ұжым, балабақша аймағы — мейірімділік территориясы.

Педагогтарымыз балаға қуаныш сыйлауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы мол. Балабақша бізге ол мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Біздің мамандығымыз — бұл біздің өмір жолымыз. «Шолпан» бөбекжай-балабақша ұжымы тиянақты ісімен көзге түсуде. 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектепке дейінгі тәрбие мекемесінде ауыз толтырып айтарлықтай жақсы жұмыстар жетерлік, жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілуде.

Жуырда балабақшамызда «Тәрбиеші — балабақшадағы басты тұлға» атты жас тәрбиешілер арасындағы сайысты ұйымдастырып өткіздім. Алты тәрбиеші екі топқа бөлінді. Сайыста «Алатау»  және «Болашақ» тобының сайыскерлері, өз өнерлерімен, тапқырлықтарымен, әртістігімен және жаңашыл әдістерімен көзге түсті.

Қорыта келе, мен ұлы ақын М.Жұмабаевтың сөзімен аяқтағым келеді: «Мен дәрігерден гөрі тәрбиешінің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер денеңізді сауықтырса тәрбиеші өне бойыңды сауықтырады» деген екен.

Жас ұрпақ тәрбиесімен айналасу өте жауапты жұмыс. Біз мұның жауапкершілігін терең сезіне отырып, өз міндетімізді адал атқаруға тырысып келеміз.

 Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті
«Шолпан» бөбекжай-балабақшасының
әдіскері Альфия Ибрагимова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.