«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
Абай Құнанбаев
«Бала тәрбиесі- бесіктен». Біз бүгінгі ұрпақтың кемеңгер келешектің, дарынды жастардың,болашақ көшбасшысы, болашақтарының жарқын болуына үлкен үлес қосып жүрген жанашыр жандардың қатарындамыз. Мамандығымның ерекшелігі кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасайтыным. Бала сияқты кейде солардың тілімен сөйлейтінім. Шыны керек, ұлт болашағын тəрбиелеуде қосар үлесімнің бар екеніне қуанамын. Мамандық таңдауда қателеспегеніме де мақтанышпен қараймын.Қиындығынан қызығы көп, жауапкершілігі жоғары міндеттемесі зор мамандық-ол балабақша басшысы болу.
Балабақша дегенде көз алдымызға бейкүнә жанармен, томпақтаған тәтті қылықтың иелері келеді.Оларды тәрбиелеп шығару үшін барын салып аянбайтын еңбек ететін тәрбиешілердің орны бөлек.Тәрбиешісі – тәлім беруші, бұл сауатты және ең таза маман иесі. Екіншіден бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді маман. Сонымен қатар бала және оның ата-анасымен тілін таба білетін психолог. Бұл – ұйымшыл,еңбек етуде бірлесе алатын жауапты жан. Жаңа заман педагогы дегеніз – үнемі ізденіс үстінде ғана болмай, жаңа әдіс-жолдарын пайдалануға құштар маман.
Иә, бала тәрбиесі-игілікті іс.Әрбір баланың жүрегінен жол тауып,тілін табу оңай емес.Дегенмен олардың ертеңгі жарқын, жолдары ашық болуын, және қиырлы жолдың қиындығын сезінбей арман-мақсатына жету үшін үлесімізді қоссақ онда ол біздің мамандығымыздың мәртебесінің жоғары екендігі.Себебі, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».
Біз тәлім-тәрбие беріп отырған балалардың ынтасы терең, көкірегі ояу және жан-жақты болуы үшін тырысамыз, бақытты балалық шақтарында,сыңғырлаған күлкі сыйлап , көңілді ойын ойнатып уақытты қызықты етіп өткіземіз. Бұл біздің балақайларға деген бауырмашылдығымызбен сүйіспеншілігіміздің дәлелі.Басшы ретінде, балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беремін.Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасы арасында берік қарым-қатынас орнату,балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру.Балабақша — жер бетіндегі ең таза жер.Осы жолда жүргізіп отырған жұмыстарымыздың жауапты әрі сауапты екені хақ.Ал мен үшін,ең бастысы,бүлдіршіндеріміздің амандығы.
Боранбаева Нағима Уристемқызы
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 175 бөбекжай-балабақша меңгерушісі