Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса құба-құп болар еді. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып жандандырады. Бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламасы бойынша жүгізіледі.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы білім бөлімінің №31 «Салтанат» бөбекжай-балабақшасында 20 педагог қызмет етеді. Екі жүз жиырма екі бала жеті топ жұмыс атқаруда. Оның бестобы қазақ тілінде екі тобы орыс тілінде жұмыс атқаруда. Баланың жасына сай ұйымдастырылған оқу қызметі, сонымен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл дамыту, айналамен таныстыру, валеология, сауат ашу секілді пәндер оқытылады. Ән-күй мен айналысатын арнайы зал жұмыс істеп тұр. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. 2016 жылы балабақша «Тіл-халықтың күре тамыры» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Халықаралық «Пони» байқауларына қатысып алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталып келеді.
Бүгінгі күн – үлкен сый, өткен күн, кеше – тарих демекші, №31 «Салтанат» бөбекжай балабақшасының тарихына көз салар болсақ, балабақша 1937 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Қолдағы деректерге сүйенсек, 1959-1976 жылдар аралығында №1 детский ясли сад деп аталған. Меңгерушісінің аты-жөні — Капиталина Ивановна. 1976-1979 жыл аралығында балабақша меңгерушісі Анна Кузминична Прушеницкая болған. 15 июль 1979 жылдан 11 март 1985 жылдар аралығында меңгеруші қызметін Газарова Галина Васильевна атқарған. Г.В. Газарованың сөзіне сүйенсек 1979 жылы балабақшаның 40 жылдығын тойлаған. 1985-2008 жылдар аралығында меңгеруші Ким Зоя Васильевна жұмыс атқарған. 2015 жылы наурыз айында қайтыс болған. 2008 жылдың ақпан айынан меңгеруші болып Шардарбекова Гульсара Садибековна тағайындалған. 04.08.2015 ж. қайтыс болған.
Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие елбасымыздан бастап ойландырып-толғандыратын өзекті мәселелердің бірі екенін ешкім жоққа шығармайды. Ал болашақ ұрпақты талапқа сай елжанды, ел мақтанышы етіп заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелеуге балабақша ұстаздары алдағы уақытта да белсенді еңбек етуден шаршамайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балдырғандарымыз.
Мусакулова Дилбар Толендиевна,
№31 «Салтанат» балабақша меңгерушісі,