Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни біздің қолымызда баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосатын алтын ұя. Мен тәрбиеші мамандығын біздің жарқын болашағымыз үшін, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту үшін, бақытты бала тәрбиесіне өз үлесімді қосу үшін таңдадым. Барлық балаларды бірдей көріп, бірдей жақсы көруіміз керек. Бала балабақшаға келген күннен бастап жаңа ортаға тез бейімделу үшін тәрбиешінің атқаратын қызметі орасан зор. Балабалабақша баспалдағын аттағаннан бақыттың кілтін таба білуіміз керек.
Бала ата — ананың бауыр еті, көзінің нұры болашағы. «Тәрбие басы — тал бесік» деп халық даналығында айтылғандай, бала тәрбиесі ең алдымен өз отбасы — ошақ қасында ата-ана тәрбиесінен басталатыны белгілі. Дана халқымызда мынадай нақыл сөз бар, «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен әрі сырласыңдай сыйла» деген екен. Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы деген екен. Француз қайраткері Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»-деген екен.
Баланың бәрі бірдей, бірақ балабақшаға келетін бала мен келмейтін баланың айырмашылығы көп байқалады. Бес саусақ бірдей емес демекші әр тұлғаның жеке ойы мен пікірі бірдей емес. Ата аналарда тәрбиешілерге баланы толық сеніп тапсырса,баланы балабақшаға жақсы көңіл күймен әкелсе олда біршама баланың ынтасына әсер етеді.
Бала балабақшадан нені үйренеді?
Балабақшаға келген күннен бастап бала күн тәртібімен жүруді, білім берудің бес саласы арқылы тілдері дамып,қоршаған ортаға қамқор болуды, ұқыпты болуды, бір біріне көмектесуді, достарына қамқор болуды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп өседі және тәрбиеленеді.
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухани дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы балаға тәрбие беру бірінші орында болуы тиіс.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, мәңгі калғың келсе — бала тәрбиеле»,- депті дана халқымыз. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, бақытты баланың болашағы.
Акниязова Гүлманат Маратқызы,
Ақмола облысы Целиноград ауданы,
«Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасының
II санатты тәрбиешісі