Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекетіміздің болашағы балабақшадан басталмақ. Ертең осы елге ие болатын, тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін – балабақшада тәрбиеленіп жатқан сәбилер деп білемін.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген екен: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» — деп сондықтанда мен тәрбиелеп жатқан балдырғандар мен секілді болу міндет емес, керісінше болашаққа сай міндеттелген алдарында қандайда бір жаңа жаңалықтар кезіксе бұрынғының бүркеуінде қалып қоймайтындай жаңаша заман ағымына сай өздерінің бір қырларымен танылып жатқанын қалаймын. Елдің ертеңгі тірегі — осы балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда балабақша ұстаздары қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болғысы келіп тұрады.Тым зерек деп айтсамда болады.Ой қиялдарының барлығын іске асырғысы келіп тұрады. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын кез келген жерде, кез келген уақытта ашық айта алады. Сонымен қатар балабақшаға барған бала жан-жақты алғыр, маңайындағыларға қарағанда шапшаң қимылшаң болады. Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Адамға бірінші кезекте білім емес, тәрбие берілгені жөн. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне қасірет әкеледі» демекші, ең бірінші адамға тәрбие керек. Тәрбие тал бесіктен басталады демекші отбасындағы тәрбиемен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра алса бала болашағы еш алаңдаттырмас еді. Сол жауапкершілікті қайыспай арқалап, ұлттық тәрбиеден нәр алған балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер және балабақша ұжымы әр баланың бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілікті қалыптастыруда жүйелі жұмыс атқаруда. Әр балабақша тәрбиеленушісі жүрек жылуын, аялы алақанын аямай еңбек етуде. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп, аманат қылып жұмысқа кетеді. Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырып кеткен балаларға жауапкершілікпен қарамауға болмайды. Балалар аман, қуанып күнделікті тақырыпқа сай қаншама мағлұматтарын алып білім нәрімен сусындап жатса, ойын алаңдарында ойнап жатса, бізге одан артық бақыт жоқ деп білемін. Оларды бір күн көрмесем сағынып қаламын. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. Тәрбиенің алтын бесігі – балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық! Осындай бақытты мекен балабақшада тәрбиеші болуым мен үшін үлкен мәртебе! Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» — деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Балабақша – бақыт мекені, сыңғырлаған пәк сәбидің күлкісі, бақытты балалық шақтың дәмі, ұмытылмас қуанышты күндер, екінші анасына айналған тәрбиеші апайлар! Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп, жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Өзің тәрбиелеген балапандар болашақ керемет тұлға болып жатса мендеген кеудемді қуаныш кернеп өзіңе деген сенімділігің арта түседі емеспе. Менің нақты білерім мен дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын.
Сейтжанова Ғалия Намиялиовна,
№1 «Көктем» бөбекжайы КМҚК
тәрбиешісі.