Home » Мақалалар » Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері

Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері

Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ. Соған орай қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюіне байланысты қоғам тарапынан ағылшын тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті. Мектепке дейінгі жас ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді. Олар берілген шағын материалды лезде меңгеріп алып, оны тез кері айтып бере алады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Сондай-ақ ойын арқылы балалар оңай қарым-қатынасқа түсіп, ойларын айта алады. Оқыту әдісінің тағы бір басты ерекшелігіне сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог  балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуге үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б қолданылады. Ерте кезден тілді меңгерту болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Балабақшадағы балаларға ағылшын тілінде жаңа сөздерді үйреткен кезде ашық, түрлі-түсті көрнекілік таптырмас көмекші болады. Бала бір суретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор. «№29 Балдәурен» бөбекжай балабақшасында бүлдіршіндеріміз үш тілді меңгеруде. Балалар әлеміне көз жүгіртсек, ешқашан мамандығымды өзгерткім келмейді. Себебі бала пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарынын ашу әр ұстаздың алдына қойылған ең басты міндеті деп түсінемін.

 

Утепбаева Гулдана Омиргалиевна
Сатбаев қаласы №29 «Балдәурен»
бөбекжай балабақшасы КМҚК
ағылшын пән мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.