Залға балалар музыка әуенмен кіреді.
Хормен: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бақдәулет: Құрметті қонақтар армысыздар Бәріңіз де есен-аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастайын.
Нұрсұлу: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбі күнің әрайың.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті та-аналар қонақтар»!Бүгінгі біздің «Жолың болсын балдырған»атты ертеғгілгімізе қош келдіңіздер.Бүгін балаақша балғындарын ең қимас ең ұмытылмас жүрек тебірентер сәт күтіп тұр.Сондықтан да бүгінгі салтанатты мереке күнін біз осы бітіруші балғындарымызға арнаймыз.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Әсем бимен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Аруназ: Өздеріңізді ұмытпай
Есімізге аламыз.
Ұмытпасын деп ұясын, «Балабақша»әнін саламыз.
Хор «Балабақша»
Музыка әуенмен ортаға Білім ханшайымы кіреді.
Білім ханшайымы: Балалар сәлеметсіңдер ме?Ме сендерге ақ жогл тілеп мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім.Сендер ақылды білімді бала болыңдар,мен сендерді өз әлеміме шақырамын .Менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр.Сендер жыл бойы әріптеді,жазуды,есеп шығаруды үйрендіңдер.Олай болса білімдеріңді тексеріп көру шін менің сұрағыма жауп беріңдер.
-Дыбыс нешеге бөлінеді және атаңдар?
Әріп туралы тақпақ айтып бере аласыңдар ма?
Балалардың тақпақтары.
Қарақат: «А»әрпі анам менің тірегім
Асыл анам жүрегім
Ардақтаймын әрқашан
Анамды сыйлап жүремін
Рамазан: Әдеп тәртіп білемін Әдеппен сөйлеп күлемін
Әрқашан жұрт алдында
Әдеп сақтап жүремін.
Ермұхамет: Бабаға қарт киелі Баласыбасын иеді
Бала бауыр еті деп
Балсын ол сүйеді.
Ернұр: Достық сыйлау салтымыз Достық жасау шартымыз
Достық жасау бар елмен
Достасады халқымыз.
Нұрбақдаулет: Халқымызбіздің анамыз Халықпен өскен санамыз
Халықпен бірге жасаймыз
Халықтан қуат аламыз.
Жарқын: Бірге ойнап бірге күлген Күндерімді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
«Үкілі ару»биін сыйлаймыз,-дей келе ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.
Тәрбиеші: Балалар мектепке не үшін барасыңдар?
Балалар: Оқып білім алу үшін,білімді азамат болу үшін,ер жетіп Отанды қорғау үшін.
Кешімізді одан әрі жалғастырамыз.
Балалардың тақпақтары.
Балнұр: Әріптері үйрендік,
Оқу жазуды меңгердік
Алғыс сізге ұстазым
Бірінші сыныпқа барамын.
Дамир: Біздер аты жастамыз
Сәбиліктен асқанбыз
Мектеп енді шақырады
Қош бол балабашамыз.
Қыдырхан: Балаларымыз көңілді Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша,-деп кешімізідің одан әрі жалғасын биге берейік.Ортаға бишілерімізді шақырамыз.
Би «Жаяу Мұса»
Арайлым: Баулап,баптап өсірген Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді,-деп тәрбиеші апайларымызға осы әнді арнаймыз.
Хор «Тәрбиеші»
Айым: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай Мадинаның орындауында тамаша әнді тарту етеміз.
Тәрбиеші: Балалар өскенде сендер кім боласыңдар?(балалардың жауаптар)
Армандарыңа жетіңдер,әр адам түрлі маман иесі боғысы келеді екен иә!Осындай жақсы ниетпе ортаға болашақ футболистерімізді қарсы алайық.
Би «Футболистер»
Ойын «Кім жылдым сөз айтады»
Балаларың тақпақтары.
Аяжан А: Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Мадина: Бишілер де өнер көп, Билейді би мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер
Өнерге баға беріңіздер,-демекші кезекті тағы бір әдемі биге береміз.Ортаға биші достарымызды шақырамыз.
Би «Көгершінмен би»
Дильяра: Қоштасып мен бүгін балалықпен, Қоштасамын сиқырлы балабақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен,-дей келе ортаға әдемі әнімен Аяжанды шақырамыз.
Айару: Балабақша бесігім
Қайсысын айтып бітейін
Қабыл алшы биімізді
Саған сыйлап кетейін
Би «Оқуда озат боламын»
Тәрбиеші: Қоштасу кешінің ақ пердесін ашайықта Тебіреніп бұл кеште біз тасайық та,
Тәрбиелеп тәлім берген апайларға
Шын жүректен жырдан шашу шашайықта,-демекші балалардың апайларға деген алғыс жолдарын қабыл алыңыздар.
Ерасыл: Бақшамыздың тірегі
Ұлы-қызы сүйеді
Қарсы алады келгенде
Жылы жүзбен күледі.
Меңгеруші бақшамызда
Ғалия Асқарқызына
Айтамыз біз мың алғыс!
Ибрахим: Қамқор болған біздерге Кеңес берген сіздерге Бота апай ұқсайды Көктемгі әсем гүлдерге Бота Нұрамбекқызына мың алғыс!
Каусар: Үйретіп әнді билерді
Тақпақтар мен күйлерді
Өткізуді кештерді
Дайындайтын біздерді
Айнара апай мың алғыс!
Аяжан Б: Ойыншық та кесе де
Шанышқы мен тәрелке
Орындық ,төсек,шкаф та
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін жинайтын Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін
Маржан апайға мың алғыс!
Мансия: Аялаған анадай Мәпелеген біздерді
Тәрбиеші апайымыз
Ұмытпаймыз сіздерді
Гүлнар Нургуль апайларға мың алғыс!
Ақтоты: Тәтті тамақ пісіретін
Айран сүтін ішкізетін
Аспазшылар сіздерге
Айтамыз біздер мың алғыс!
Шұғылының әні.
Би өзбекше
Апайлардың әні.
Тәрбиеші: Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,-дегендей «Қоштасу әні»
Тәрбиеші: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз Тілектермен нығайсын берекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осыменен аяқталды мерекеміз.
Құттықтау сөз кезегі меңгерушіміз Ғ.Асқарқызына береміз.
Жансейтова Нургул Рыскожаевна
Алматы қаласы, Алатау ауданы
«№164 бөбекжай-балабақшасы»
I — Санатты тәрбиеші