Тіл- қай елде, қай ұлтта болсада құдыретті. Тіл бұл әрбір елдің ұлттық мақтанышы болып саналады. Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені бәрімізге мәлім. Өйткені тіл адамдардың бір — бірімен сөйлесіп, пікір алысатын, қарым — қатынас жасайтын құралы болып табылады.Тіл адам қоғамына тән. Тіл мәдениетін меңгерту — адамның сәби шағынан іске асатын, келе-келе біртіндеп жетілетін нәрсе. Оның ішінде балабақшадағы өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін үйрету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Балабақшада мемлекеттік тілді меңгерту «Үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Тілдік дағдыларды қалыптастыру, жетілдіру «Қатынас» білім беру саласында анықталады. Балабақшада қазақ тілін меңгерту 3-4 жас аралығындағы балаларды қазақ тіліндегі сөздерді тыңдауға және дұрыс айта білуге және оларды есте сақтай білуге баулиды. Қарапайым сұрақта қоюды және оларға жай сөйлеммен жауап беруді, жай сөйлемдер құруды 2-3 сөйлеммен жақын маңдағы заттарға, ойыншықтарға, жемістерге қысқа сипаттама беруге үйренеді. Ал, 4-5 жас аралығындағы балаларға: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, таныс сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге, 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсінуді және сөздерді байланыстырып құрастыруды үйрету. 5-6 жастағы балаларда 10- ға дейін тура және кері санауды жаттықтыру, мақал- мәтелдерді айта білуге үйрету, әр түрлі тақырыпта тақпақтар айтқызып, тілдерін жетілдіру. Сондай – ақ сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала өзін қоршаған айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасай бастайды. Балалардың сөздерді қаншалықты меңгергендерін білу үшін, күнделікті жүргізілген сабақ барысында байқауға болады. Балаларға мемлекеттік тілді әр түрлі тәсілдермен меңгерту аздық етеді, сондықтан «Айналайын» үйірме бағдарламасының жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Үйірмеде ойын түрі арқылы жүргізіледі. Әсіресе, дидактикалық ойындар балалардың есте сақтауына көмегін тигізеді. Ойын арқылы жүргізілген сабақ өте тиімді. Өйткені ойын арқылы балалар біраз нәрсені есте сақтайды және ұмытпайды. Сонымен қатар қызығушылықтары да жоғары болады. Сондай — ақ өмірдегі түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жәйттар туралы әңгімелейтін болады.Тілді қалыптастыру отбасында, қоғамдық ұйымдарда, балабақшада жүргізілетін жүйелі тәрбие поцесінде іске асады. Тіл тұлғаның жан-жақты қырларын: есте сақтауын, зейінін, ұқыптылығын, тілдік болжамын, білгірлігін, тәртібін дамытады, баланың белсенділігін арттырады, оны топтағы ұжымдық жұмысқа дағдыландырады, қызығушылығын оятып, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыдан қалыптастырады. Сонымен қатар баланың тілге деген қабілеттілігін ерте кезеңнен-ақ анықтау және олардың әрі қарай өзге тілді үйренуге дайындау мүмкіндігі пайда болады. Балаларға қазақ тілін оқытқанда, мемлекеттік тіл туралы түсінік беру, балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, балаларды сұраққа жауап беруге үйрету. Жемістердің, көкөністердің аталуын қазақша дұрыс айту, Қазақстан рәміздерін, үй жануарларының төлдерін дұрыс айта білуге үйрету. Отбасы туралы әңгімелеуге ынталандыру, жаңа сөздер енгізіп, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, ойын арқылы сөйлемдер құрастыру, тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру. Балаларға Отан, елінің байлығы мен алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту үлкен жауапкершілікті, шыдамдылықты, ұтқырлықты талап кетеді. Дер кезінде берілген мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды болса, елдің өркендеуі үшін де сондай құнды. Сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрметті қалыптастыру керек.
Тусупбекова Жулдыз Жумагалиевна,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
КМҚК №29«Балдәурен»,
бөбекжай балабақшасы