Home » Балабақша » БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мектепке дейінгі жас — ерік-жігер, әлеуметтік құзыреттілік  қалыптасатын бірегей шешуші кезең.  Ойын түрінде оқыту қызықты, ерекше болуы тиіс, бірақ, ойын-сауық емес.

Мектепке дейінгі балаларды осындай тәсілмен  оқытуды жүзеге асыру үшін,  әзірленетін ойындық  білім беру технологиясы  анық  белгіленген және қадамдық сипатталған жүйесі бар әр түрлі ойындар болуы қажет. Педагог осы жүйені пайдалана отырып,  нәтижесінде баланың сол немесе өзге де заттық мазмұны бар  деңгейді меңгеретініне сенімді болуы қажет.

Әрине, баланың бұл жетістік деңгейі  диагностикалауды талап етеді,  ал педагог пайдаланылатын технология  диагностикаға сәйкес  материалдарды қамтамасыз етуі тиіс.

Педагогикалық ойын технологиясы — педагогикалық процесті әртүрлі педагогикалық ойындар  түрінде ұйымдастыру.  Бұл педагог қызметінің  дәйегі  бойынша: іріктеу, әзірлеу, ойындарды дайындау; балаларды ойын қызметіне қатыстыру; ойынды  қорытындылау.

Ойын технологиясының тұжырымдамалық негіздері:

  1. Балалармен бірлескен ойын нысаны, ойын тәсілдері мен жағдайлары көмегімен, баланың қызметін ынталандыру және қызығушылығын  ояту негізінде құрылады.
  2. Педагогикалық ойындарды іске асыру мынадай ретпен жүзеге асырылады. — дидактикалық мақсат ойын міндеттерінің түріне қойылады, білім беру әрекеті ойын ережесіне бағынады; — оқу материалы оның құралдары ретінде пайдаланылады ; дидактикалық тапсырмаларды  табысты орындау ойын нәтижесіне  байланысты.
  3. Ойын технологиясы білім беру процесінің белгілі бір бөлігін, яғни біріктірілген жалпы мазмұнын, сипатын қамтиды.
  4. Ойын технологиясына білім беру саласындағы интегративтік қасиеттерді қалыптастыратын дәйекті ойындар мен жаттығулар жатады. Сондай-ақ,  ойын материалы білім беру үдерісі мен оқу материалын игеру тиімділігін арттыруы қажет.

Ойын технологиясының  басты мақсаты —  мектепке дейінгі және балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптастыру үшін,  дағдылар мен қызмет шарттарына байланысты жұмыс істеу.

Оның міндеттері:

  1. Білім мен дағдыны меңгерудегі  қажеттілікті түсінуде, баланың жеке белсенділігінің жоғары деңгейге жетуі.
  2. Баланың белсенділігі мен қызметінің нәтижелілігін арттыратын құралдары таңдау.

Бірақ, кез келген педагогикалық технология сияқты, ойын технологиясыда мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Технологиялық жүйе  — логикалық өзара байланысты функционалдық элементтердің технологиялық процестің сипаттамасына бөлінуі.
  2. Ғылыми база — білім беру мақсаттарына жету үшін, белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі.
  3. Жүйелілік – технологияның барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы, логикасының  болуы.
  4. Басқарылуы — құралдар мен әдістерді түзету мақсатында, оқу процесін кезеңдік диагностикалау, қайта жоспарлау мүмкіндігінің болжануы.
  5. Тиімділігі — белгілі бір стандартты оқытудың  тиімді нәтижелері бойынша кепілдік беруі.
  6. Жаңадан өндірілуі — басқа білім беру мекемелерінде қолданылуы.

Ойын технологиясы балабақшаның  тәрбие және білім беру тараптарымен оның негізгі міндеттері шешімімен тығыз байланысты.

Ойын технологиясы  балаға:  өзіне аса маңызды әлеуметтік рөлдерді

«тәлімгерлер мүмкіндігін «;  оқытылатын құбылысқа  қатысты (қанағаттандыруға бағдарланған танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қуаныш); «шынайы өмір» уақытында  біраз өмір сүруді береді.

Ойын технологиясының мәні ойын-сауық  және демалыс ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту тәсілі; шығармашылық қызметті іске асырушы;  әдіспен емдеу; ең бастысы баланың  ортаға әлеуметтенуінің  бірінші қадамы болып табылады.

Ойынның тәрбиелік және оқыту мағынасы мынаған тәуелді:

— ойын қызметінің әдістемесін білуіне;

— ойын түрлерін  ұйымдастыру немесе  басшылық жасау кезінде педагогтың  кәсіби шеберлігіне;

— жас және жеке мүмкіндіктеріне.

Қазіргі кезеңде ойын қызметі  өзіндік технология ретінде пайдаланылуы мүмкін: тақырыпты меңгеру үшін немесе оқылатын материалдың мазмұны ретінде;  сабақ немесе оның бір бөлігі (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау) ретінде; МДМ қалыптасқан  ұжымға білім беру бағдарламасының бөлігі ретінде.

Ойын, әдетте, балалардың жеке бастамасы, сондықтан педагогтың басшылығы    ойын технологиясын  ұйымдастырудың  талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  • Ойынды таңдау — өз рұқсатын  талап ететін тәрбиелік міндеттерге  байланысты,  бірақ, балалардың  мүдделерін және қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы болуға тиіс (балалар қызығушылық танытып, ойынға белсенді әрекет етеді және нәтижесін алады);
  • Ұсыныс — ойын проблемасы құрылады. Оны шешу үшін түрлі ойын міндеттері: қағидалары мен іс-қимыл техникасы ұсынылады;
  • Ойынды түсіндіру — қысқа, анық, тек балалардың қызығушылығы пайда болғаннан кейін айтылады;
  • Ойын жабдықтары —  ойынның  мазмұнына  барынша сәйкес келуі тиіс;
  • Ұжымдық ойынды ұйымдастыру — әрбір бала өзінің белсенділігін және ұйымдастырушылық біліктілігін танытуына болады. Осылайша, ойын міндеттері тұжырымдалады.  Балалар ойын барысына  қарай жеке-жеке, жұппен немесе топтармен, ұжыммен жұмыс істей алады.
  • Ойынның жағдайын дамыту — мынадай қағидаттарға негізделеді: балаларды ойынға  тарту,  мәжбүрлеудің  болмауы; ойын қарқынын ұстап тұру;
  • Ойынның аяқталуы – нәтижелердің талдануы нақты өмірдегі  іс жүзіне бағытталуы тиіс.

Педагогикалық ойынның  ойын технологиясындағы  басты  белгісі — нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған сәйкес келетін педагогикалық нәтижелері сипатталатын оқу-танымдық  бағыттары.

Педагогикалық ойындар  әр түрлі болып табылады. Олар түрлі болуы мүмкін:

  1. Қызмет түрі бойынша — қозғалыс, зияткерлік, психологиялық және т.б;
  2. Педагогикалық процесстің сипаты бойынша — оқыту, жаттығу, бақылау, танымдық, тәрбиелік, дамытушы, диагностикалық.
  3. Ойын әдістемесінің сипаты бойынша — ережелі ойындар; ойын барысында ережелері белгіленетін ойындар; ойын шарттарына байланысты ережесі  белгіленетін ойындар.
  4. Мазмұны бойынша — музыкалық,  математикалық, логикалық және т. б.
  5. Ойын жабдығы бойынша – үстел үсті, компьютерлік, театрландырылған, сюжеттік-рөлдік, режиссерлік  және т. б.

Ойын технологиясының  басты  компоненті  — педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы.

Оның мәні:

— тәрбиеленушілерді жандандырады;

— танымдық  қызығушылығын арттырады;

— эмоциялық өрлеуді  тудырады;

— шығармашылықтарын дамытуға  ықпал етеді;

— нақты тұжырымдалған ойын  шарттары оқу уақытын барынша шоғырландырады;

— материалды игеруге байланысты ойын іс-әрекеттер есебінен туындаған қиындықтар  немесе жеңілдетілген  ойын міндеттерінің деңгейін  педагогқа стратегиясы мен тактикасын ауыстыруға  мүмкіндік береді.

Ойын сабақтар өте жанды, эмоциялық қолайлы психологиялық жағдайда, ізгілікті, еркіндікті, теңдікті талап етеді. Пассивті балаларды  оқшаулауды қажет етпейді.  Ойын технологиясы арқылы балаларда  өзіне деген сенімділік пайда болады. Тәжірибе көрсеткендей, мектепке дейінгі балалар ойын жағдайға жақындатылған шынайы өмір сүру жағдайларын, кез-келген қиындықтарға  әрекет ете отырып, материалды  оңай меңгереді.

Мадешова А.А
п.ғ.магистрі

КМҚК «Тілек» бөбекжайы, тәрбиеші

Әдебиеттер:

  1. Касаткина Е. И. Игра в жизни дошкольника. — М. , 2010.
  2. Касаткина Е. И. Игровые технологии в образовательном процессе ДОУ. //Управление ДОУ. — 2012. — №5.
  3. Карпюк Г. А. Реализация права ребенка на игру. //Старший воспитатель. — 2007 — №6.
  4. Пенькова Л. А. , Коннова З. П. Развитие игровой активности дошкольников.
  5. Источник: http://doshvozrast.ru/metodich/konsultac158.htm

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.