2018 жылы 26-ақпан күні № 4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітап сыйлау» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: балалардың бойында ұлттық сананы ояту, балабақша мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы байланысты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін және белсенділігін арттыру.
Аталған іс-шараға балабақша педагогтары мен барлық топтың ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында балабақша меңгерушісі М Ж Изтлеуова отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, сондай-ақ ұлттық тәрбиенің мәні және қазіргі қоғамда бүлдіршіндерге сапалы, саналы тәрбие беру үшін рухани жаңғырудың маңыздылығы туралы,балаларға кітап сыйлау арқылы, оларға қуаныш пен жарқын болашақ сыйлайтындығымызды айтты.
«Кітап сыйлау» акциясына қатысқан барлық ата-аналар балаларына әртүрлі кітаптар сыйлай отырып, балаларының қуанышына ортақтасқандарына,осындай іс-шара ұйымдастырған балабақша әкімшілігімен педагогтарына шексіз ризашылықтарын білдірді. Акция соңы балалардың ән-шашуымен жалғасты.
Ибраева Роза Шарапатқызы,
№ 4 «Қуаныш» санаториялық
бөбекжай балабақшасының әдіскері