Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан өскелең жас ұрпақтың тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Елдің келешегі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздың қолында» деп атап көрсетті. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпаққа тәлім -тәрбие беру – тәрбиеші ұстаздардың міндеті.Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәралған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланы адамгершілікке баулуда балабақша ошағының маңызы зор.Тәуелсіздігіміз баянды, ел ертеңі бақытты, болашағымыз жарқын болсын десек — бүлдіршіндерге дұрыс тәрбие беруіміз керек.Осы мақсатта 2005 жылы айында ата-аналар мен бүлдіршіндердің қуанышына орай «Айгөлек» балабақшасы ашылды.
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Балабақша педагогтары жоғары білімді, өз ісінің шебері және де білікті мамандар.
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана педагог бола алады»
— деп, Конфуций айтып өткендей, балабақшамызда ұйымдастырылған оқу қызметтерінде халық педагогикасымен қатар алдыңғы қатарлы елдердің әдіс –тәсілдерін: «Step by step» технологиясын, М.Монтессори әдістерін жан-жақты қолданамыз. Озық технологияларды іс- тәжиребе біртіндеп енгіздік.
2014 жылдан бастап «Ерсай» ЖШС- ның қаржылай және Орталық Азия Евразия қорының қолдауымен ұйымдастырған арнайы курстарда педагог қызметкерлеріміз білім жетілдіріп, бағдарламаны оқытып үйретудің қыр-сырын меңгердік. Жұмыс жасап жатырған технологияларға тоқтала кетсем.
«Step by step» технологиясы — 3-6 жас аралығындағы балалар мен олардың отбасы үшін ерекше бағдарлы бағдарлама. Оның өзгермейтін үш міндеті бар: әрбір бала үшін индивидуализм (даралау); жұмысты жоспарлау және белсенділік орталықтарын ұйымдастыру арқылы балаға көмектесу; оған отбасының қатысуы. Әр түрлі топта орталықтардың таңдалып, іріктелуі де түрліше болуы ықтимал. Бұл іріктеудің негізі, әдетте мынадай орталықтарды құрайды: «Математика орталығы, «Көркем әдебиет»,«Желілі-рольді ойын», «Ғылыми орталығы», «Құрылыс орталығы», «Өнер орталығы», «Аспаздық орталығы», Белсенділік орталықтары «Step by step» технологиясында шешуші болып табылады. Орталықтағы материалдар балалардың қызығушылығын өзгеруіне және даму деңгейіне қарай бір жыл ішінде жаңартылуы тиіс. Балаға қоршаған орта әсерлі болып,оның даму деңгейіне қарай жыл ішінде жаңартылуы тиіс. Балаға қоршаған орта әсерлі болып, оның даму дәрежесіне сан қилы мүмкіндіктер ашып, түрлеше тәжірибе алуына жағдай жасалуы керек. «Step by step» технологиясына сүйене отырып біз тәрбиешілердің күнделікті жұмыс жоспарын түбегейлі өзгерттік. Арнайы пәндерге (жаратылыстану, математика, сурет, сөйлеуді дамыту және т,б) сәйкес келетін ұғым белсенділік орталығының мазмұнымен толықтырылып біріктірілді. Бұл жұмыс жоспары оң нәтиже беруде. Белсенділік орталықтарында балалар тәрбиешінің басшылығымен шағын топ болып, жеке тапсырмаларды орындайды.
Біздің елімізде қазіргі уақытта М. Монтессори педагогикалық идеяларын қолданып жүрген ұжымдар көптеп кездеседі. Осы М.Монтессори технологиясын қолдануға байланысты әрбір педагогтың көкейінде ол кім, бұл технологияның тиімділігі, ерекшелігі неде, стандарт талаптарына сәйкестігі байқала ма, педагогикалық жүйесі қандай деген сауал туындауы мүмкін. Адамның мадақтау мен жазалауда білім алуы қауіпті деп сенген Монтессори педагогикасының негізгі принципі-балаға өзің-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға жағдай жасау. Әдістің ұраны «Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес».
Балалық шақтың бірінші деңгейі-бала өмірінің маңызды кезеңі,себебі мұнда баланың тұлғасы және қабілеттері қалыптасады. М.Монтессори баланың алғашқы үш жылғы өмірін «психологиялық эмбрион» деп атаған. Себебі, бала қоршаған ортаны қабылдап, өзің оның бір бөлігімін деп санайды.
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында 1 — 6 жас арасындағы балалардың дамуының сензитивті кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензитивті кезеңдеріне сәйкес келеді.
Монтессори жүйесіне сәйкес, топтарды төмендегіше бөлуге болады:
шынайы өмір аймағы, сенсорлық даму аймағы тілдік, географиялық, математикалық, жаратылыс-ғылыми аймақ, қимылды аймақ, сенсорлық даму аймағы, математикалық бейнелер, тілді дамыту аймағы, космос аймағы.
Бала жұмыс істегісі келетін аймақты өзі таңдайды. Біздің балабақшамызда Монтессори кабинеті бар, онда біліктілік арттыру курстарынан, Монтессори класс өткен тәрбиешілер жұмыс жасайды. Өзіміздің іс — тәжірибемізбен таныстыру мақсатында облыстық, аудандық семинарлар өткіздік.
М.Монтессори технологиясының ерекшелігі еркіндік, бала өз жұмысына таңдау жасайды. Ал, тиімділігі бала өз алдына таңдауын жасап оны жан-жақты білуге, дамуға, зат, құбылыс туралы алғашқы түсінікті қабылдай отырып, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, уақытты ұтымды пайдалануында. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдануына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына,таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Осы технологияларды пайдалана отырып, балабақшамыз көп жетістіктерге жетті. 2016 жылы біздің балабақшамыз «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2016» облыстық байқауында жүлделі ІІ-орынға ие болдық. Балабақшамыздың тәрбиешілері мен мен бүлдіршіндері түрлі бағытта облыстық, аудандық байқауларға қатысып түрлі марапаттарға ие. Тәрбиеші Отарбаева Ақмарал облыстық «Үздік тәрбиеші-2016» онлайн байқауына қатысып Бас жүлде алды, 2018 жылы «Үздік педагог» Республикалық сырттай байқауында тәрбиеші Джумагазиева Жадырасын І орынға ие болды.
2018 жылы балабақша басшылары арасында өткен Облыстық «Жаңашыл басшы -2018» байқауында балабақша директоры Н.Турганбаева жүлделі І-орынға ие болды.
Қорыта айтқанда, осы ізденіп жүргізіліп жатқан жұмыстарымыздың түпкі мақсаты жан-жақты дамыған дені сау, әдепті, көрсем-білсем деген қызығушылығы артқан балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеп шығару.
«Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз» десек бала тәрбиелеуде дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, елін, халқын сүйетін, ұлттық патриотизмді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелейік дегім келеді.
Н.Турганбаева,
МКҚК«Айгөлек»
балабақша директоры