Home » Балабақша » Балабақшада бала денсаулығын қорғау және дамыту жолдары

Балабақшада бала денсаулығын қорғау және дамыту жолдары

«Салауатты ұрпақ ел болашағы»

 Н.Ә. Назарбаев

 

Салауатты өмір салтын қолдана отырып, өмірге жылдам бейімделенетін рухани, жаны таза денсаулығы мықты жеке тұлғаны тәрбиелеу – біз, мектепке дейінгі мекемесі ұстаздарының, тәрбиешілерінің және медицина қызметкерлерінің басты міндеті.

Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтім мен тәрбие берілмесе жайнап өспейді.

Ұлы педагог, Ыбырай Алтынсариннен шыққан бұл – сөз тәрбие орталықтарында, балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің бәріне де, тиісті. Кейінгі кезде ауаның ластануы, экологиялық жағдаяттар, ата-ананың темекіні үздіксіз тартуы, дұрыс тамақтанбауынан жас өспірім, сәбилердің туберкулез ауруына шалдығуы адам жүрегін сыздатады.

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында қазақ халқының салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін дұрыс тамақтануымызға, тазалық сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған деп атап көрсеткен. Біздің елімізде туберкулез ауруы күні бүгінгі күнге дейін төтенше өзекті, әлеуметтік мәселе. Бұл ауру жұқпалы ауру қатарына жатады. Біздің республикамыздағы көптеген жұқпалы аурулар бойынша міндетті жағдай бірнеше жылдардан бері шиеленіскен күйде қалып отыр, әсіресе жұқпалы ауруларға шалдыққандардың үштен екі бөлігі балаларды құрайтындығын алаңдатарлық жағдай. Жұқпалылырдың (туберкулез, мерез, жедел тыныс алу жолдары аурулары, жедел ішек аурулары, вирусты гепатит) көпшілігінің көрсеткіші соңғы жылдарда көбейіп, өте жоғарғы деңгейге жетіп отыр. Туберкулез дұрыс емделмесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздыққа мүгедектік пен өлімге әкеп соқтыратын қауіпті, жұқпалы ауру. Біздің балабақшада қазіргі таңда 107 бала бар, балабақшамыз санаторлық – өкпе ауруынан сауықтыру болғандықтан балалар туберкулездік емхананың анықтамасы бойынша қабылданады. «Ас адамның арқауы» – дейді халық даналығы. Өкпе туберкулезінің басты есесі – құнарлы ас және дене шынықтыру, таза ауада серуендеп, таңертеңгілік жаттығулар жасап, таза ауада дене шынықтыру сабағын өткізіп, тыныс алу жаттығуларын жасау. Балалардың бойында салауатты өмір салты мотивациясын дұрыс қалыптастыра білу тәрбиешілер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ.

Бірінші тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – балабақша болғандықтан, ата-ана мен балабақша, яғни тәрбиешілер мен ата-аналар тығыз байланыста болуы шартты нәрсе дей көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, балабақша ішілік екі топтың ата-аналары мен балаларының арасында өткізілген спорттық толағай жарыс, «Әкем, шешем және мен», «Денсаулық күніне» эстафеталық жарыстар, топтар арасында қимылдық ойындар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып өткізіледі.

Ата-аналар жиналыстарында балалардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында баяндамалар оқылып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға ережелер мен кеңестер беріледі».

Туберкулез – әлемдік проблема

Әр жылы ақпанның 24 жұлдызынан наурыздың 24 жұлдызына дейін «Туберкулезге қарсы насихат» – күні деп белгіленген, біз де осы ауру тобына арналған балабақша болғандықтан – барлық тәрбиеленушілердің ата-аналарын әсіресе әкелерін шақырып, кезектен тыс «кездесу күнін» өткіземіз.

Науқұас бала қайдан шықты?

Тақырыбына: «Дөңгелек үстел» өткіземіз. Екі айда бір рет өткізілген бұл шарада:

  1. Туберкулез – жұқпалы ауру.
  2. Туберкулезден қалай құтылуға болады?
  3. Туберкулезден қалай сақтануға болады?,-деген тақырыпта дәрігердің қатысуымен бірге ата-аналарға түсіндіру жұмысын жалғастырамыз.

Дөңгелек үстел тақырыптары:

  1. «Сіз темекі жайлы толық білесіз бе?»
  2. «Өз өкпеңізді сақтасаңыз – балалардың болашағының жарқындығы.»
  3. Сіз балаңыздың өкпе туберкулезімен туылғанына өзіңізді кінәлі санайсыз ба?-деген сияқты ситуациялық сұрақтар қою арқылы ата-аналардың туберкулез – жайлы ойларын дамытып, салауатты салтын сақтауын насихаттаймыз.

Бақшамыздағы өкпе ауруымен зақымдалған балалардың жазылып кетуіне, басқа балалардың ауырмауына ұжым болып ат салысудамыз.

Елбасымыз айтқандай: «Қазақ елінің болашағы білімді салауатты ұрпақ дейтін болсаң – еліміздің болашағын көркейтетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз, аспазшыларымыз, медицина қызметкерлері бүкіл балабақша ұжымы жабыла жұмыс жасауда».

Біздің №7 «ЕрТөстік» балабақшасында 3-6 жастар аралығындағы өкпесі зақымдалған балалар тәрбиеленеді. Жылына көптеген балалар «ЕрТөстік» балабақшасын бітіріп, денсаулығын жақсартып мектепке жолдама алады.

Балабақшамызға жоғары білімді, жоғары біліктілік санатты Тюребаева Айзада Сыражанқызы басшылық етеді. Қаламыз бойынша 40 жылдан бері науқас балалардың денсаулығын нығайтып, сауықтыру үшін жұмыстанып келе жатқан балабақшаның бірі.

Балабақшамыз қазақ елінің болашағы өскелең ұрпақты: білімді, өнегелі, тәрбиелі, дарынды және салауатты өмір салтына лайық етіп тәрбиелеуге атсалысып келеді. Қазақ елін мәңгі ел болуына үлес қосатын ұрпаққа білім, тәлім- тәрбие, салауаттылық салтын, салт-дәстүрін үйретуден жалыққан емес.

Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі мектепке дейінгі ұйымның міндеті жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткен абзал.

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы – жастан» демекші, дені сау, сана сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата-ананың міндеті.

Баланың денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім беру арқылы үйретіп, баланың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру тәрбиешінің міндеті.

«Біздің бақытымыздың оннан-тоғызы денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір».

Ендеше отбасы, балабақша және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен күнге арта беруі тиіс.

А.С. Тюребаева

Жаңаөзен қаласы, №7 «Ер Төстік»

балабақшасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.