Home » Балабақша » АРТ-терапия әдістерін қолдана отырып, ата-аналардың балабақшамен қарым-қатынасын нығайту

АРТ-терапия әдістерін қолдана отырып, ата-аналардың балабақшамен қарым-қатынасын нығайту

«Балабақшада баласыз іс шара» өтеді Лиза Мақсұтқызы

Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады.
Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы мәселе төңірегінде Астана қаласы №47 «Ақ желкен» балабақшасында 2019 жылы 21 ақпан күні  «АРТ-педагогика» кластері бойынша “АРТ-терапия әдістерін қолдана отырып, ата-аналардың балабақшамен қарым-қатынасын нығайту” тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, АРТ-терапия  бағыты туралы ата-аналарға түсінік беру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға  Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан әдістемелік кабинетінің бас маманы Налибаева Гулжан Рысбекқызы, № 45 «Самұрық» АРТ-терапия басым бағыттағы балабақша меңгерушісі Шампетова Құбажай Шәріпбекқызы, «Білім Айнасы» республикалық газетінің директоры Қуантай Амантайұлы шақырылды. Сонымен бірге № 41, 45, 57, 66, 74, 82 серіктес балабақшаларының  меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты.

Балабақша  ұжымын биік белестерге  көтерген меңгерушісі Шинасилова Лиза Махсутовна семинарды ашып, іс-шараның өткізу бағытымен таныстырды, аз уақыт өтсе де курс барысында жинаған білімдері мен тәжірибелерімен жүрексінбей бөлісетін тәрбиешілерге, сонымен бірге шеберлік сыныбына қатысуға белсенділікпен жиналған ата-аналарға сәттілік тіледі. Семинар барысында  “Ертегі сыр шертеді” ертегі-терапия бойынша инновация әдіскері  Акжигитова Марал Оспановна шеберлік сыныбын ұйымдастырып, ата-аналарға ертегі арқылы балаға дұрыс тәрбие жолдарын қарастырса, “Сиқырлы құмға саяхат” құм терапиясын “Алтынай” ересектер тобының тәрбиешісі Базарова Ляззат Майдановна  белсенді балалармен жұмысты құм арқылы қалай жүргізуге болатынын құм терапиясы кабинетінде өткізді.«Өзіңді таны» фото-видео терапия ата-ана мен бала арасындағы сезімді байқау мақсатында  “Ақ сұңқар”ересектер тобының тәрбиешісі Жунусова Латила Омаровна көрсетті

Балабақша әдіскері осы аталған іс шараны Сагимбекова Ментай Бахытқызы ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізсе, музыка жетекшісі Еспаева Айгуль және хореограф Бейбіт Ақботаның балалармен дайындаған музыкалық сәлеміне қатысушылар тамсана қол соқты.

Балабақшадағы АРТ-терапия бағыттары бойынша көрсетілген жұмыстар  ата-ана мен бала тәрбиесінде  қатысушыларға үлкен ой салды деген сенімдеміз.

 Астана қаласы №47 «Ақ желкен» балабақшасы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.