Home » Ашық сабақтар » Балабақшада ағылшын тілін театрлық қойылымдар арқылы дамыту

Балабақшада ағылшын тілін театрлық қойылымдар арқылы дамыту

«Тілдің жетік жүйесін меңгеріп, қыр-сырын біліп, бабын келтіріп қолдансаң, айдама жорға мінгендей боласың.»
Ісмет Кеңесбаев

 

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Ағылшын тілінің  Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Күні кеше ағылшын тілі  кестедегі негізгі пән ретінде мектепке дейінгі жастан  бастап оқытыла бастады.
Балалардың ағылшын  тілін меңгеруіне және сөздерді игеру қабілеттерін дамытуда, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын  қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ағылшын тілінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көбіне рольдік ойындар, театрлық сахналандыру ойындары жиі қолданылады. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш пен ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, сөздік қорын байытады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызы  өте жоғары. Өзімнің  ағылшын тілі сабағымда  театрлық сахналандыру ойындарын жиі өткізіп отырамын. Сахналандырылған театрлық ойындарды қолдануымның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылын  арттырып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру.  Театрлық  іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып, баланы ағылшын тілінде сөйлеуге дағдыландыру.   Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жаңа лексикалық бірліктерді тез әрі жеңіл меңгертеді, сөздік қорларын кеңейтеді. Сонымен қатар, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Қорыта келгенде, театрландырылған ойындар арқылы сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытады. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор.  Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. Ал осы жас ұрпақты жан-жақты, білімді, мәдениетті  тұлға етіп тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Жүзжан Жанар Жеңісқызы
№67 «Шұғыла» балабақшасы
Ағылшын тілі мұғалімі
Астана қаласы 


Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.