«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, танып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды да, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,-деген екен Абай атамыз. Адамның жеке басының қасиеттері, әдетте бес жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені, адам баласы қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады. Бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрбыларымен және ересектермен тығыз байланыста болады. Ал осы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамытып, өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.
Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мақсаты-балалардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Осы қасиеттер арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік тұрғыдан білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева-мектеп жасына дейінгі баланың рухани-адамгершілік тәрбиесінің алғашқы негіздерін алуға әрекет етеді. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы рухани-адамгершілік тәрбие негізін себуші. Тек ересектерге ғана емес, өзінен кіші бауырларына қамқорлықпен қарауға үйренеді. Баланың отбасындағы қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Кейбір жағдайларда ата-ананың өз баласына деген шектен тыс махаббаты да тәрбиеге кері әсерін тигізуі мүмкін. Ата-ана қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғау мақсатында баланы өз еркінен қалай айырғанын білмей қалады. Осының нәтижесінде бала тек өзге біреудің демеуін қажет ететін, өзіне-өзі сенімсіз тұлға ретінде қалыптасуына жол беріледі.
Баласының жетістіктерінен ата-ананың қуаныш сезімі артады. Олардың арасында өзара тығыз байланыс, түсіністік, сенім орнайды. Яғни, олар тек қана ана мен бала, немесе әке мен бала сияқты ғана емес, сонымен қатар достар, сырластар тәрізді өзара қарым қатынастың тиімді
жолын орнатады. Әрине бұл ата-ана үшін үлкен жетістік.
Ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында құрылған «отбасылық адамгершілік мектебі», қызықты тақырыптағы кездесулерде ұйымдастырылған «жалпы адамгершілік құндылықтар және оны балалардың бойына сініру», «мейірімді әдеттерді-балалық шақтан» т.б тақырыпта өткен кездесулер олардың «өзін-өзі тану»жайындағы ойларын білуге мүмкіндік берді.Балабақшадағы тәрбиемен баланың отбасындағы тәрбие бағытының өзара байланысын бір бағытта болуы жақсы нәтижесін берді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы өзара байланыстың тиімділігін анықтап, оны жұмыс барысымызда кеңінен қолданудамыз. Ата-аналар,балалардың ынта-ықыласын білуге құмарлығын, олардың қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысатындығын зерттеп игерді.. Әрбір ата-ана баласының қандай бағытта, қандай дәрежеде білім алғанынан хабардар болғысы келетіні белгілі. Балаларға адамгершілік рухани білім беру нәтижесінде ата-аналар,педагогтар,өзара іс-әрекет барысында рухани құндылықтарды және өзін бағалауды бір саты жоғарыға көтеруге, өздігімен білім жетілдіруге көмектесті. Педагогтар оқу қызметтерін ата-аналармен бірігіп өткізіп, қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізді. Педагогтар ынта-ықыласымен жұмыс істеп, балалардың көңіліне жол таба білді. Ата-аналар жалпы адамгершілік құндылықтары бойынша өз білімдерін толықтырды. Ол өзіне деген қызығушылықты, өзінің ішкі-рухани әлеміне қызығушылықты ояту, балалардың назарын адамгершілік-рухани қасиеттердің негізгі салаларына аударту, рухани-адамгершіліктің манызын түсінуге тәрбиелеу: мейірімділік, сыйласымдық, адалдық еңбекқорлық, қайырымдылық қасиеттері.
Педагогтардың, ата-аналармен бірлескен жұмысы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге өзінің тиімді нәтижесін берді. Қазіргі уақытта біздің ата-аналар барлық шығармашылық істердің белсенді қатысушылары. Әр мерекелік ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға балаларға арнайы киімдер дайындап, топты безендіруге көмектесіп тұрады.
Баланы өзгелермен салыстыруға болмайды, әр баланың өзіндік ерекшеліктері, табиғи мүмкіндіктері, қабілеттері, даму қарқыны, бейімділігі, тәрбиесі болады. Балалардың қызығушылықтарын, ынтасы, зейіндері, ой-санасының дамуы байқалды. Балабақша мен отбасы арасындағы жұмысты бірлесіп атқаруы, ата-аналармен жеке және ұжым болып жүргізілетін жұмыстарды ұштастыру, олардың әрқайсысына ілтипатпен қарау нәтижесінде жан-дүниесі рухани бай, адамгершілігі мол, айналасындағылар мен жақсы қарым-қатынас орната алатын, ата-ана қадірін жете түсінетін жүрегі таза саналы ұрпақ қалыптасуына ықпал етеді.
Конысова Нурсулу Алдабергенқызы,
балабақша меңгерушісі