Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Қазіргі қарыштап дамыған заманда жобалау әдісі өте қажет. Ол балалармен жұмыс істегенде де, педагогтармен жұмыс жасағанда да әрбір жүргізілетін жұмысты жоспарлап, алдыға мақсат қойып, сол мақсатқа кезең-кезеңмен жетуде көмегі мол.
Мен өз іс-тәжірибемнен шағын жобаларымның бірін ұсынып отырмын. Бұл жоба жас мамандар мен тәлімгерлер арасындағы бірізділікті, ынтымақтастықты нығайта түседі деп ойлаймын.
Түсінік хат
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуына ықпал ету. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғары деңгейде болу керек.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,-деп Елбасымыз атап көрсеткендей педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби біліктілігі мен шеберлігі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бағдарламаларын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Балалармен жұмыс істеу барысында педагогтар алдында мынадай талаптар тұр:
— тәрбиеші қызметіндегі мақсат қоя білуі;
— білім мазмұнын игеруі;
— балалардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала диагностикалауы;
— ұйымдастырылған оқу қызметін өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білуі;
— балалармен жақсы қарым-қатынас жасай білуі (коммунативтік әрекет);
— балаларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;
— балалардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.
Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлін арттыру мақсатында «Тәлімгер мектебі» жобасы жоспарланып құрастырылды. Жоба педагог қызметкерлермен жасалатын негізгі құжат болып есептеледі. Тәрбиешілерді тәлімгерлік ету арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауды, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуді, іс-әрекетті зерттеуді, өз ісіне баға бере отырып, әлсіз және мықты жақтарын айқындап, жаңа форматта мерекелік шараларды ұйымдастырып, өткізуге көмектесу арқылы төмендегі шешімдерді орындайды:
— оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби дамуына жағдай жасайды;
— өзара тәжірибе алмасау әрекетін ұйымдастырады;
— кәсіби жетілу жолдарын анықтайды, мониторингісін жасайды;
— тәлімгерлік арқылы жоғары мүмкіндіктерге жол ашады, әріптестеріне қолдау көрсетеді;
Тәлімгерлік-тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.
«Тәлімгер мектебі» шығармашылық жобасының төлқұжаты
1. | Жоба атауы | «Тәлімгер мектебі» |
2. | Аннотация | «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз өзгереміз» Сенека Бүгінгі қоғам-үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Білім беру саласына қойылған мәселелердің бірі мектеп, балабақша үдерісін, оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерін жаңарту мен ізденістер қарастырылуда. Осыған орай, бүгінгі әр ұстазға білім беру жүйесінде қоғам талабына сай арнайы оқытудың жаңа үлгілерін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Педагогқа өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа тәсілдерді ұйымдастырылған оқу қызметіне енгізу үшін мүмкіндік беретін тәлімгерлік етудің ықпалы мол. |
3. | Мақсаты мен міндеттері | Мақсаты – педагогтың үздіксіз өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыру, сенімді қарым-қатынас орнату, бірлесе жұмыс істеу, жоспарлау, өзгерістер енгізу, бақылау, кеңес беру, бағыттау, қолдау көрсету, жаңа идея, тәжірибелермен алмасу. Міндеттері: — педагогтың өзіндік басым жақтарын табуға және алдағы кәсіби өсуді жоспарлауға көмек көрсету; — қажеттіліктер, мотивация, дағды, ойлау үдерістерін зерттеуге көмектесу; — кәсіптік құзыретіліктері мен іскерлік белсенділігін арттыруға көмек беру; -педагогтың өзін-өзі жетілдіру жоспарын құруына көмек беру, іске асыру; — өз қызметіне баға беруге, талдауға, өзін-өзі түзетуге бағыт беру; — өзін-өзі бақылау қабілеттерін дамытуға көмектесу; — педагогтың жұмысын мадақтау; — педагогтың кәсіби құзырлығын шыңдау, білімі мен тәжірибесін жариялау. |
4, | Жобаны іске асыру мерзімі: | 2016 жыл қыркүйек – 2019 жыл мамыр |
5. | Жобаны іске асыру кезеңдері | 2016- 2017 ж. ж. – дайындық кезеңі; 2017- 2018ж. ж. — қалыптастыру кезеңі; /практикалық/ 2018-2019 ж.ж. – жалпылау кезеңі /қорытынды/. |
6. | Қатысушылар | Педагогтар |
7. | Күтілетін нәтиже | — Кәсіптік құзырлықтың деңгейі, сонымен бірге көрсетілетін жағдайлардың деңгейі де көтеріледі; — педагогтың өз әрекеттеріне сенімділік оянады; — бірлескен зерттеу топтары қалыптасады; — кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады; — Басқа балабақшалармен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды; — педагогтар жаңа идеялармен алмасады; — кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. |
8. | Жобаға жауапты | Жылкыбаева Казына Оразалиевна — әдіскер |
Жобаны іске асыру кезеңдері
Мерзімі | Кезең | Жобаны іске асыру |
2016 – 2017ж. ж. | Дайындық кезеңі
| · жобаны іске асырудың қажеттілігін бағалау; · жобаны іске асыру бойынша шығармашылық топ құру; · тәрбиелік шаралар тақырыбын көрсете отырып, жобаны іске асыру бағдарламасын құру; · әр тақырып бойынша құжаттар пакетін әзірлеу; · осы бағытта жобаға қатысушыларды анықтау. |
2017 – 2018 ж. ж | Практикалық кезең
| — Педагог қызметкерлердің әрекет, қызығушылық, сұраныстарын анықтау (әр түрлі сауалнамалар, мониторинг, рейтингілік көрсеткіштер); — Жұмыстың тиімділігі (мониторинг арқылы); — Кәсіптік әдістемелік көмек көрсету арқылы; — Кәсіби және әдістемелік шеберлік деңгейін жетілдіруге кері байланыс арқылы көмек беру; (педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте, конферен-цияларда, курстар, шығармашылық есеп, мастер-кластар, семинар-практикум, іскер ойындар арқылы) — Оқу-тәрбие үдерісін шыңдау барысында (көрмелер, ата-аналармен сайыстар, ашық ҰОҚ, мерекелік шаралар, интеллектуалды сайыстар, топтар байқауы, ашық есіктер күні арқылы). |
2018 – 2019 ж. ж | Қорытынды кезең | Бағдарлама нәтижелілігін бағалау критерийлері. — Алдағы көрсеткіштермен нәтижені салыстыру; — Көрсетілген жетістіктермен салыстыру; — Сауалнама арқылы қанағаттану деңгейлерін анықтау; — Мұғалімдердің өсу динамикасының мониторингісін шығару. |
«Тәлімгер мектебі» жобасының іс – шаралар жоспары
Кезең | Жұмыстың аты | Уақыты | Жауаптылар | Күтілетін нәтиже |
Диагностикалық болжау және ұйымдастыру кезеңі | «Тәлімгер мектебі» жобасын құру, іске қосу | 2016-2017 оқу жылы
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Жоба құрылып, бекітіледі |
Педагогтардың сапалық құрамын анықтау, жаңартып отыру | жылына екі рет
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Кадрлардың өсу динамикасы айқындалады
| |
Педагогтардың шеберлік деңгейін анықтау | Қазан-қараша
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Мұғалімдердің шеберлік деңгейі анықталады | |
Тәлімгерлік арқылы әріптестерінің жұмыс әдістерін жетілдіру | Қараша
| Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер | Тәлімгерлер бекітіледі,тәлім алушылар анықталады. | |
«Тәлімгерлік үдерісін енгізу, жақсы тәлімгер қандай болатынын тәлімгер әріптестері-нің кәсіби дамуына қалай көмектесе алатыны анықтау» кеңес | Желтоқсан
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Кәсіби әңгіме жүргізіледі
| |
Тәжірибелік кезең
| Нормативтік құжаттарды талдап-игеру жұмыстарын ұйымдастыру
| 2017-2018 оқу жылы
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| ҚР білім беру жүйесінің негізгі нормативті құжат-тарын талқылап, қолданады |
Педагогтердің кәсіби жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Тәлімгерлер мен тәлім алушырады анықтау | қыркүйек
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады
| |
Тәлім алушыларға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, тізбектелген сабақтар топтамасын тәжірибеге енгізу | Қазан | Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер
| Әдістемелік көмек беріледі, тәлім алушыға жаңа заманауи әдіс-тәсілдер үйретіледі
| |
Кент, аудан көлемінде шеберлік сыныбын, семинар, ашық ҰОҚ өткізу | үнемі
| Тәлімгерлер, тәлім алушылар
| Мұғалімдердің шығармашылық деңгейі артады
| |
Мұғалімдердің теориялық деңгейін көтеру (курс, оқыту семинарлары, өздігінен) | үнемі
| Мұғалімдердің біліктіліктері артады
| ||
Басқа білім мекемелерімен желілік қауымдас-тық аясында кәсіби байланыс орнату | үнемі
| Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Байланыс орнатылады, тәжірибе алмасады
| |
Мұғалімдерді шығармашылық, зерттеушілік жұмыс-тарға баулу. | үнемі
| Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер | Педагогтар шығармашылық жұмыспен айналысады | |
Бөбекжайішілік, аудандық,облыстық, республикалық бай-қауларға, семинар-ларға қатысу. | үнемі | Жылкыбаева К.О. әдіскер
| Мұғалімдердің қатысу динамика-сы өседі
| |
Заманауи әлемдік озық технологиялар-мен қаруландыру. Шеберлік сыныбын өткізу | үнемі
| Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер
| Озық технологиялармен жаңа әдіс-тәсілдер-мен қаруланады | |
Жинақтау, қорытындылау кезеңі. 2016-2017 оқу жылы
| Тәлімгерлердің іс-тәжірибесі таратылады
| Қыркүйек
| Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер | Тәжірибе алмасады |
Авторлық бағдарла-малар дайындау, рецензиялау. Баспа ға материалдар, мерекелік шаралар, ҰОҚ жоспарларын шығару | Үнемі | Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер
| Мұғалімнің біліктілігі артады
| |
Озық іс-тәжірибені тарату, шығармашы-лық есеп, дөңгелек үстел | Қаңтар | Жылкыбаева К.О. Толеубаева К.А. Куршибаева А.Б. тәлімгерлер | Мұғалімдердің жұмыстары таратылады
| |
Педагог өз қызметі- не ғылыми тұрғыда талдау жасау | Ақпан | Бөбекжай әкімшілігі
| Педагогтың кәсіби шыңдалуына тал-дау жасалынады | |
Мониторинг арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлік деңгейін анықтау | Наурыз | Жылкыбаева К.О. Әдіскер
| Педагогтың кәсіби шындалуына тал-дау жасалынады | |
Жаңа формада тәжірибе алмасу Шеберлік сыныбын өткізу | Сәуір | Тәлімгерлер мен тәлім алушылар
| Тәжірибе алмасады, таратылады | |
«Тәлімгер мектебі» жобасы бойынша есеп беру | Мамыр
| Жылкыбаева К.О. Әдіскер Тәлімгерлер | Есеп беріледі, қорытынды жасалады |
Жылкыбаева Казына Оразалиевна
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті,
«Ақерке бөбекжай» КМҚК әдіскері