Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы.
Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Рухани жаңғыру мен жаңаруда мектепке дейінгі білімнің маңызы зор.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – дейді Ұлы Мұхтар Әуезов.Ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап музыканың әсері мол.
Музыка – рухани қазына. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесік жыры бөбектің жанын тыныштандырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Ана әлдиін тыңдап, қадам басқан бала балабақша есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып жан жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы- балабақша.
Музыка оқу қызметі: ән айту, ән тыңдау, аспапта ойнау, музыкалық ырғақтық қимылдар бөлімдерімен ұйымдастырылады.
Ән айту – музыкалық тәрбиенің маңызды құралы және баланы жан-жақты жетілдіруіне ықпал етеді. Ән орындау барысында дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс анық айтуға, музыка үндестігін сезіне әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Ән айту бөлімінде баланың сөздік қоры дамып, мәтінге сай әңгімелеп береді. Отан, Қазақстан, туған жер тақырыптарындағы әндер айтқанда, өз елдеріне деген сүйіспеншілікті көруге болады. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндерін үйрету, достыққа тәрбиелейді. Достыққа тәрбиелей отырып өзге тілдерді меңгеруге ықпал етеді.
«Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» Г. Лонгфелло
Үш тілділікті үйренуге – ән айтудың маңызы зор.Ұйымдастырылған оқу қызметінде сергіту сәті, музыкалық ырғақтық қимылды ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде ұйымдастыру өзге тілді меңгеруге ықпал етеді.
Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады. Р. Роллан
Музыка тыңдау: баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Тыңдау қабілеттілігі артып,музыкалық дыбысты есту мәдениеті артады. Патриоттық адамгершілік сезімдері қалыптасады. Музыканы жасаушы композиторлар, автор туралы мағлұмат алады. Музыка тыңдау бөлімінде қазақ композиторларымен ғана шектелмей, шетел классик композиторларымен таныстырылады.
Музыканы халық тудырады, ол біз суреткерлер оны музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейміз. М.И.Глинка
Аспата ойнау – бөлімінде балалар музыкалық аспаптармен таныстырылады. «Аспаптардың дыбысын ажырат», «Қай аспапта ойнаймын» т.б. дидактикалық ойындар арқылы ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптарды ажырата алады. Халық әндерін музыка жетекшісі домбырамен сүйемелдеп тұяқтас, қоңырау, асатаяқ, тоқылдақ аспаптарын қоса шағын оркестр ұйымдастырылып, аспапта ойнап үйретіледі.Ұрмалы аспапта ойнау барысында , ән әуеніне ілесе, ырғақты сезінуге әсер етеді.
Музыкалық ырғақтық қимылдар бөлімінде – ырғаққа сай қимылдар жасап, өздері жаңа қимылдар ойлап табады. Баланың музыка тыңдау барысындағы көңіл күйі қимыл арқылы беріледі. Музыканы түсіне әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш болып өсері сөзсіз.
Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ахмет Жұбанов
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен – біздің рухани мәдениетіміз. Сол мәдениетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіру біздің міндетіміз. Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Болашақ тәрбиесі жолында талмай еңбек ете берейік!
Қаңтарбаева Ақтоты Меербековна
ІІ – санатты музыка жетекшісі,
№ 34 «Бақыт» балабақшасы МКҚК,
Тараз қаласы