Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII-құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл – өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айнала алады.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.
Ағылшын тілді бала кезден үйрену, үлкен табысқа жеткізетіндігі құпия емес, себебі бала кезде есте сақтау қабілеті және сөздердің дұрыс айтылуын үйреніп алу қабілеті жоғары болады.
Біздің балабақшада, яғни Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №8 Алтын сақа балабақшасында «We learn English» атты вариативті ағылшын тілін оқып үйрену сіздің балаңыз үшін оның өз құрбыластары жанында айтарлықтай басымдықты иелену мүмкіндігін береді. Балаларға арналған ағылшын тілін оқыту бағдарламалары ағылшын тілінде кең көлемді білім беріп қана қоймай, олардың ой өрістерін кеңейтеді, сіздің балаңыздың зияткерлігін дамытады, тілдік кедергілерді толық жоюға көмектеседі және оған қуаныш сыйлай алады. Ағылшын тілін оқыту сабақтарында қосымша оқу құралдары пайдаланылады.
Балаларға арналған барлық сабақтар ойын түрінде, түрлі суреттерді, өлеңдерді, тақпақтарды пайдалана отырып жүргізіледі. Балалар ағылшын тілін ауызша қабылдауға үйренеді және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе ағылшын тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Ағылшын тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда. Ағылшын тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жан-жақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету – қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтың мәдениеттерін әрі дүние жүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.
Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан-жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз, тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқа да белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Каржаубаева Гулжан Аманкуловна №8 «Алтын сақа» балабақшасы МКҚК
Ағылшын тілі маманы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы