Балабаева Гүлзира Құрманәліқызы,
ОҚО, Кентау қаласы
«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы психологы
Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастығы
Әдіс- тәсілдер: Пікір-талас,сұрақ-жауап, видеолар.
Семинарға қатысатындар: Тәрбиешілер, психолог, ата-аналар, тәрбиеші көмекші, педагог, психолог.
« Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге деп,»- Жүсіпбек Аймауытов айтқандай бүгінгі өткізгелі отырған «Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы семинарымызға қош келіпсіздер!
Семинардың мақсаты: Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту,баланы тәрбие мен дамыту процесінде өзара әрекетттерінің түрлі стратегияларын құру,отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық, педагогикалық қолдау көрсету,ынтымақтастықты кеңейту.
Қазіргі заман талабына сай ,жан-жақты дамыған,бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы,имандылық әдебі парасатты ұрпақ тәрбиелеу,өсіру білім беру біздің міндетіміз.
Жуырда біздің балабақшамызда балалық шақтың бесігі атты ашық есік күні өткізілді және де осы уақыт аралығында көптеген іс-шаралар өткізілді. Сол көріністерден шағын видио роликті тамашалаңыздар!
1.Қалай ойлайсыздар құрметті ата-аналар сіздер балабақшада өткізілген сайыстарға іс-шараларға жиі қатысасыздар ма?
Ата-аналар өз ойларын айтады.
2. Отбасы құндылықтарына нелерді жатқызамыз?
Қалай ойлайсыздар Отбасы құндылық тарды қалай түсінесіздер?
Ендеше Отбасы құндылықтарынан кішкене үзінді тамашалдайық.
Осы кезде видио ролик көрсетіледі.
Отбасы –адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы білім дәстүрлердің ,жағымды өнегелердің мұралары мен салт-дәстүрлердің, сақтаушысы.Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу демекші сіздер үйде балаңызды, немерелеріңізді қалай тәрбиелейсіздер?
Бла тәрбиесіндегі балабақша ұжымы мен ата-аналар ынтымақтастығының әсері өте зор. Біз балаларды педагогикалық ұжым мен ата-аналар бірігіп тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Ата-ана міндеті балаларына өз бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру, салт-дәстүрлерімізді, әдеп-ғұрыптарды бойына сіңіру. 1
Ал тәрбиеші міндеті: өскелең ұрпақтарға жан-жақты білім бере отырып тәрбиелеу.
Біз Балабақша мен Отбасы ынтымақтастығын кеңейту үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек деп есептеймін . Олар:
1) Ата-аналар тренингі
2)Дөңгелек үстел
3)Ашық есік күні
4)Отбасына бару
5)Топтағы ата-аналар жиналысы
6)Ертеңгілік пен сауықтыру іс- шаралары.
7)Ата-аналармен ұйымдастырылған түрлі сайыстар.
Міне осы міндеттерді орындасақ нұр үстіне нұр болар еді.
Құрметті ата-аналар сіздерге ситуатциялық сұрақ қойып өтейін. Ойларыңызды айта отырыңыздар!
1.Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз.Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ащулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? Сіздер өздеріңізді осы кейіпкерге қойып көріңіздерші ! Не істейсіздер.
Осы жерде кішкене пікір талас жүргізіледі.
Қазіргі кезде біздің елімізде көптеген жан түршігерлік жағдайлар орын алуда:
Апасының немересін пешке күйдіріп өлтіруі,
Аналарымыздың баларын жетімдер үйіне өткізуі
Аға –әпкелеріміздің қатігез болуы
Ана-әкелеріміздің жауапкершіліктен жұрдай болуы
Ұл- қыздарымыздың жаман жолға түсуі т.б да іс-әрекеттер орын алуда
Сол жағдайлардың біріне назар аударсақ?
Осы кезде бір жастағы баланың жалдамалы көмекшісі баланың аяусыз ұрып соққан видиосы көрсетіледі.
Енді қонақтар қатысушылар балабақшада баланың тәрбиеленгені дұрыс па, жоқ әлде жеке күтуші жалдаған дұрыс па?
Ата-аналар өз ойларын айтады.
Енді біздің балабақшамыздағы баланың бір күндік видиосын тамашалаңыздар ?
Видео көрсетіледі.
Қалай ойлайсыздар балабақшаға барған бала мен бармаған балада қандай айырмашылықтар болады? Өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер!
«Әке көрген оқ жанар ,Ана көрген тон пішер» демекші атасы, апасы бар үйлерде балалардың тәрбиесі басқаша болады.
Қалай ойлайсыздар?
Олай болуы неліктен?
Пікір талас жүргізіледі.
Бала дегенде әрбір ата- ананың баласының болашағына алаңдайтыны бәрімізге мәлім.Өмірге әкелгеннен бастап оны қалай өсіріп, қалай жеткізу, тәрбиелеу ата- ананың қолында.
«Тәрбие басы тал бесік» демекші балаға біз қалай тәрбие берсек , бала соны бойына сіңіреді екен. Қазіргі кезде балабақша мен отбасы ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алуда .Оның бірден бір себебі ата- аналардың жиналысқа келмеуі, балаларға көңілдің бөлінбеуінен балалардың тәрбиесі бұзылуда ! Олай болса шағын видио роликке назар аударайық. Осы кезде ата- ананың тәрбие жайлы көрсетіледі.
Сіздер осы видиодан нені байқадыңыздар ?
Пікір талас жүргізіледі.
«Отбасында не көрсең өскенде соны ілерсің» деген даналарымыз айтқандай қазіргі таңда ата- аналарымыз балаларына көп көңіл бөле аламайды !
Оның себебі неде деп ойлайсыздар? Құрметті қатысушылар ?
Пікір талас жүргізіледі.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ десек те артық болмайды.Себебі келешек ұрпақтың өсіп — жетілуі бізді алаңдатады. Қазіргі кезде балалардың қолында ұялы телефондарды көптеп кездестіреміз ? Осы жағдайға қалай қарар едіңіздер ?
Өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер!
Пікір талас жүргізіледі.
Халық даналығында мынадай сөз бар «Ағаш түзу болып өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіру сіз бен біздің қолымызда дегім келеді
Енді балалардың оқу қызметін жоспарға сәйкес тамашалаңыздар!
1)Музыкамен балалардың қолында жүрек шарлармен кіреді.
Сәлемдеседі, жылы лебіздерін айтып шарларды қонақтарға ұсынады.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Келіп қалған қонақтарға,
Жүрек жылуын сыйлайық.
Жарайсыңдар балалар ,сендер сендер өз жылы лебіздеріңді қонақтарға білдірдіңдер,енді қанекей бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдерші!-балалар жылы лебіздерін айтып шығады.
Балалар біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?
Балабақшаларың сендерге ұнайма?
Несімен ұнайды?
Балабақшада нелер үйренесіңдер?-балалар өз ойларын айтады.
Балалар балабақша және отбасы жайында қандай тақпақтар білесіңдер-деп сұрайды психолог!
Назым: Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіреді бақшамыз.
Гүлсезім: Балабақша базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Аделина: Ең аяулы сөздерді,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды ,
Кімнің ойлап тапқанын.
Нұржан Ана деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді де
Ата деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әпке деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар!
Ясмина: Күнім,жаным дегенді,
Құлыншағым дегенді,
Ботақаным дегенді,
Айналайын дегенді,
Толғанайым дегенді,
Ойлап тапқан балалар!-
Жараайсыңдар балалар өте тамаша айтып бердіңдер!Олай болса балалар орындарыңа отыра қойыңдар!
Балалар қалай ойлайсыңдар «Балабақша» дегеніміз не? Балабақшаға кімдер келеді?
«Отбасы»дегеніміз не? Отбасына кімдерді айтамыз?-Балалар өз ойларын айтады.
Жараайсыңдар балалар олай болса біз, өзіміздің қолымыздан не келетінін көрсетейікші, және балабақша мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлес қосайықшы-деп жұмысты бастайды.
Балалар үш топқа бөліп, шығармашылық жұмысты бастайды.
1топ Жүректің бейнесі мен алақанның бейнесіне құмды себелеу әдісі бойынша жасайды.
2топ Адамдардың бейнесін глобустың жан жағына желімді жағу барысында жапсырып шағады.
3топ күннің бейнесін жасайды,бояуға алақандарын батырып ,бастыру әдісі бойынша күннің шуағын жасайды.
Балаларға жасаған жұмыстарын топ басшыларына қорғатып қорытындылау.Баларды смайликпен бағалау мадақтау марапаттау қорытынды жасап қонақтармен қоштасу.Қанекей енді біз қонақтармен қоштаспас бұрын өзіміздің тақпағымызды айтып қоштасайық,-деп тақпақты айтады.
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тағыда.
Сау болыңыздар қонықтар,
Келгенше күн айналып.-деп балалар әуенмен шығып кетеді.
Енді мен ата-аналар мен, тәрбиешілер ортаға келсеңіздер!сіздермен тренинг жасағым келіп тұр.Сол себепті ата-аналар ортаға шығуларыңызды өтінемін. Маған 6ата-ана керек.және 6тәрбиеші керек.
1 Кел,танысайық (өздерінің тілектерін айтады және таныстырып өтнді өзі жайында)
«Кім жылдам» ойыны (музыкамен діттеген жерге жеткенше шарды жару керек жұбы екеуі.шардың ішінен тилектер жазылғанды алып оқиды.
«Сіз жайлы не дейді» Отбасының суретін салады өзін бірге қосып салады, және еки топқа бөліп, бейнені қорғайды және өздерінің ізгі тилектері мен ұсыныс пікірлерін жазып іледі.
1топ күнге жапсырады(дайын алақандарға жазады)
2 топ топ ағашқа жапсырады(жүрек стикерге жазады.)
Әке мен Ана өлеңі айтылады. Орындайтын:Педагог –Психолог:Балабаева Гүлзира
Халық даналығында мынадай сөз бар «Ағаш түзу болып өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіру сіз бен біздің қолымызда дегім келеді. Олай болса бірігіп жұмыс жасаймыз деген ниетпен пікір таласымды аяқтағым келеді. Рахмет сіздерге, келіп қатысқандарыңызға.
Қорытынды жасалады.
Келген қонақтарға сөз беріледі.