Абай атамыз «Күз туралы» өлеңінде алтын күздің әсемдігін, күз айының ерекшелігін көз алдымызға қалай елестетсе, бүгін 2017 жыл қазанның 12-і осы бір көркем жыл мезгілі — күз айының көркін нақышымен бере білген, Елордамыздың сол жақ жағалауында орналасқан №81 «Astana English school» гимназиясы оқушылары мен ата-аналары бірлескен «Күз – береке, күз – мереке» тақырыбындағы жәрмеңкесі және «Арайлы, алтын күз» фото байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижесі сарапшылармен бағаланды. Мерекелік жәрмеңке байқауына арнайы 1 мен 4 сынып оқушылары атсалысты десек, берер пайдасы – күзде дастарханымыз дəнді-дақыл, жеміс-жидек, көкөністерге толы болатынын, оның барлығы еңбекпен, маңдай термен келетінін оқушыларға түсіндіру.
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейтіп, табиғат сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге, көргендері туралы əңгімелей отырып адамдардың еңбегін бағалай тәрбиеленулеріне септігін тигізетін ұйымдастыру. Ал, «Арайлы, алтын күз» атты фото байқауға осы мектептің 5 пен 10 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Басты мақсат – талантты жас фотографтарды анықтау, оқушылардың кәсіби деңгейін жоғары деңгейге көтеру және берген мүмкіндік арқылы шығармашылық қабілетін жүзеге асыру, өз елінің табиғатын қорғауға, қамқорлықпен қарауға, әдемілікке тәрбиелеу. Сондай-ақ, табиғат құбылыстары мен заттарының арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып, қоршаған дүниенің біртұтастығы туралы түсініктерін дамыту; Күз мезгіліндегі құбылған бояу реңдерін көре білуге баулу. Әрине байқаулардың өзіндік талаптарын қатаң сақтай отырып жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылар да болды.
Төрайым: №81 «Astana English school» гимназия директоры – Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы.
Әділқазы мүшелері: оқу ісінің орынбасары – Джылыбаева Зауре Жолдыбайқызы. Ғылыми ісі жөніндегі орынбасары – Төкебаева Назым Ділтайқызы. Бастауыш сынып бойынша оқу ісінің орынбасары – Дүйсетаева Жанна Ақылбекқызы. Ағылшын тілі бойынша оқу ісінің орынбасары – Кожанова Қуаныш Такауовна және Қазақстан Ұлттық Телерадио корпороциясының фотографы – Амиров Марат Талғатұлы фото сарапшысы болды.
Байқаудың ұйымдастырушысы Абдығалиева Гүлім Абдығалиқызы бұл іс-шараның талаптарына тоқталып өтті: бекітілген талап бойынша 1 мен 4 сыныптарға Экспоның павилиондарын көрсетіп олардың жалпы 1-сыныптарына Өзбекстан мемлекеті, 2-сыныптарға Қазақстан, 3-сыныптарға Ресей және 4-сыныптарға Тайланд мемлекетін берген болатынбыз. Әр сыныптан екі оқушы тақырыпқа сәйкес киінуі қажет. Сыныптың белгісі – дастарханды безендіруі эстетикалық талғамға сай болуы, оқушыда міндетті түрде қолғап, тағамды салып беретін қалташасы болуы керектігі жайлы ескере отырып байқауды бастады. Қойылған талаптарды талқыласақ:
- Күзгі көкөністерден әр түрлі тағамдар;
- Күзгі егіннен нан өнімдері;
- Күзгі жеміс-жидектер;
- Күзгі композиция (бір немесе одан да көп)
Фото жұмыс талабы:
- 3 фото тапсыру керек. Көлемі: А 3
- Фотография түрлі-түсті болу қажет, рамкасыз, төменгі оң жағында қай сыныптың жұмысы екендігі көрсетілуі қажет.
Сонымен бүгінгі байқауды қорытындысын жариялап, күзгі жәрмеңкенің жеңімпаздарын құттықтай отырып дипломмен марапаттау күндерін айта кетсек, 19 қазан күні сағат 14.00-де мәжіліс залында жәрмеңкенің жеңімпаздары, сондай-ақ, 20 қазан күні сағат 14.00-де мәжіліс залында фото байқауының жеңімпаздары дипломмен марапатталады.
№ | Нәтиже | Сыныптар
|
1- Сыныптар бойынша | ||
1 | Бас жүлде | 1 «Б» |
2 | І орын | 1 «Г» |
3 | ІІ орын | 1 «Ә» |
4 | ІІ орын | 1 «В» |
5 | ІІІ орын | 1 «А» |
№ | Нәтиже | Сыныптар
|
2-Сыныптар бойынша | ||
1 | Бас жүлде | 2 «В» |
2 | І орын | 2 «Б» |
3 | ІІ орын | 2 «Ж» |
4 | ІІ орын | 2 «Ә» |
5 | ІІ орын | 2 «Е» |
6 | ІІІ орын | 2 «Г» |
7 | ІІІ орын | 2 «А» |
№ | Нәтиже | Сыныптар
|
3-Сыныптар бойынша | ||
1 | Бас жүлде | 3 «Г» |
2 | І орын | 3 «В» |
3 | ІІ орын | 3 «Б» |
4 | ІІІ орын | 3 «Ә» |
5 | ІІІ орын | 3 «А» |
№ | Нәтиже | Сыныптар
|
4-Сыныптар бойынша | ||
1 | Бас жүлде | 4 «Б» |
2 | І орын | 4 «В» |
3 | ІІ орын | 4 «Ә» |
4 | ІІІ орын | 4 «Г» |
5 | ІІІ орын | 4 «А» |
5-6- сыныптар бойынша:
№ | Нәтиже | Сыныптар
|
1 | Бас жүлде
| 5 «В» |
2 | Бас жүлде
| 6 «Ә» |
3 | І орын | 5 «А»
|
4 | І орын
| 6 «В» |
5 | ІІ орын
| 5 «Ә» |
6 | ІІ орын
| 6 «А» |
7 | ІІІ орын
| 5 «Б» |
8 | ІІІ орын
| 6 «Б» |
Жансая Мұстафина
Білім айнасы
Астана қаласы