Home » Білім және тұлға » Байсалдылығы баурайтын ұстаз

Байсалдылығы баурайтын ұстаз

Адамның мінезін тексерудің сан түрлі тәсілі  бар. Сол сан түрлі тәсілмен тексере келсең  ұстаздық мамандықты таңдаған ұлы тұлғаларға тән ортақ қасиетті аңғарасың. Ол – тұрақтылық. Қай мұғалімді алып қарасаңыз да оның мінезіндегі тұрақтылық, оның бір қызмет орнындағы ұзақ жылдар еңбек етудегі тұрақтылығын байқауға болады.Бұл тұрақтылықтың басты  себебі әрине төзімділік.Қандай мұғалім болмасын өзінің сүйіп таңдаған мамандығы  үшін, алдында отырған шәкірті үшін талай қиындыққа төзеді. Талмай ізденеді. Алтын уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай отырып,бар қуатын сарп етеді.Сондай  тұрақты да, байсалды   жанның бірі Борханова Мейрамгул Айтбайқызы.
Ол «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылының Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебі» КММ-де  25 жылдан бері  биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Осы уақыт ішінде өзін  барлық іс- әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын теориялық білімі  терең мұғалім ретінде көрсете білді.
Мейрамгул Айтбайқызы кәсіби шеберлігі жоғары, сабақты сапалы  өткізудің теориялық негізін жетік меңгеріп, заман талабына сай дамыта оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқушыларының ынтасын, қызығушылығын, жауапкершілігін сезіне білуіне, өз бетімен жұмыс істеуіне дағдыландыруды, жан- жақты ойлауын, ізденуін дамытып, еске сақтау қабілеттерін қалыптастыруды дағдыға айналдырған.
Сабақтарында пәнаралық байланысты жүйелі әрі үйлесімді байланыстыра өткізудің шебері, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды   практикада оңтайлы қолдана отырып оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөледі.
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісінің жетекшісі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, саралап талдау, салыстыру, іздену, танымдарын дамытуда оқу- тәжірибе үлескісінің мүмкіндігін толық пайдаланады.
Қарағанды қаласында мұғалімдердің шығармашылық орталығында екінші деңгейлік курсты аяқтап, Кембридж бағдарламасы аясында алған білімін жетілдіру мақсатында мектепте және аудан көлеміндегі әріптестерінің арасында да семинарлар, коучингтер, шеберлік  сабақтарын өткізіп өзінің іс- тәжірибесін баспасөз беттеріне  жариялап, тәжірбие бөлісіп отыруы дағдысына айналған.

Шәкірттері аудандық пән олимпиадасының  және аудандық,  облыстық  ғылыми – практикалық  конференцияларының  жүлдегерлері.
Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы  оқушыларды жоғарғы дәрежеде дайындағаны үшін  Алғыс хатпен және мадақтамамен марапатталды (2017 ж).
Қарағанды қаласында өткен «Инновациялық педагогикалық көзқарас»  атты облыстық іріктеу фестивалінен сертификат пен мақтау қағазымен марапатталды.
ҚР Білім беру жүйесінің үздік  қызметкерлерінің «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз»  жинағына  ұсынылды.
Мейрамгул Айтбайқызы «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім», «Қазіргі биология: қолданбалылық аспектілері және пәнаралық байланыстар»  тақырыптарында  Халықаралық, «Адами капитал – елдің инновациялық дамуының басты факторы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға және «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауларына қатысып белсенділік танытып жүрген ұстаз.
Мейрамгул мектептің оқу- тәрбие, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Қарқаралы аудан әкімінің білім саласындағы байқауына қатысып «Шығармашыл ұстаз» номинациясының жеңімпазы атанды және білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Қарағанды облысының білім басқармасының  «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Мейрамгүл Айтбайқызының өзіндік бір қасиеті қашанда жаңалыққа құмар.Сондықтанда болар оның әр сабағы  өзіндік бір  тың тәсілмен, жаңаша көзқараспен  даярланғаны аңғарылып тұрады.Ал мінезіндегі байсалдылық  бар болмысының басты бояуы іспеттес.

                                                                             Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.