М.Монтессори технологиясын пайдалану негізінде мектепке дейінгі
білім беру мазмұнын жаңарту
Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын жаңарту шеңберінде балабақшалардың педагогикалық үдерісіне М.Монтессори жүйесін енгізу үшін, кластер педагогтарын ынталандыру.
Міндеті: педагогтарды М.Монтессори жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру; өзіндік білім алу үдерісінде тәжірибеге бағдарланған оқуды пайдалануға мүмкіндік беру; мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинарға қатысушы педагогтар М.Монтессори технологиясы арқылы жан – жақты дамуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған «Өз алмаңды тап» атты Монтессори-шеңберіне орналасып, бір сергіп қалды. Бұл шеңберді № 32 «Балдәурен» б/б Монтессори –педагогі Сапаргужина Б.К. жүргізді.
Келесі кезекте, «Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори педагогикасын пайдалану бағыттары» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәделқызы баяндама оқыды.
«М.Монтессори технологиясын пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту», эксерперименталды алаңының жұмыс барысымен инновациялық әдіскер Баймусаева. К.Н. таныстырып өтті.
. «Қандай Монтессори материалдар ын қолдан жасауға болады?» тақырыбында шағын топтарда жұмыс жасалынып, педагогтар постер арқылы жұмыстарын қорғады.Монтессори – педагогы Бақыт Кабылденовнаның ұйымдастырылуымен «Озық жаттығулар» тақырыбында жұптармен жұмыс жасалынды.
«Тазалық» жаттығуы негізінде рефлексия жасалынды. Онда, педагогтар бүгінгі семинардан алған құнды мәліметтерді чемоданға , әлі де өңделетін мәләметтерді ет тартқышқа, ал, қажетсіз артық деген мәліметтерді қоқыс жәшігіне салды.
Қорытынды бөлімінде, № 32 «Балдәурен» б/б әдіскері Салтанат Досмағанбетовнаның алмамен басталған семинарымызды алмамен аяқтайық деген ұсынысына «Бүгінгі семинардан алған әсерлерің…» тақырыбында әр балабақша педагогтары өз алмаларында пікірлерін қалдырды.
Баймусаева Кулдархан Назимханқызы,
Астана қаласы,
«№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасы МКК
инновациялық әдіскер