Жамбыл облысы, Байзақ ауданында да «төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капитал» қарқынды дамып келеді. Мәселен, былтырғы жылы «Күнделік» жобасына 21 мектеп енгізілсе, 2018 жылдың сәуір айынан бастап қалған 22 мектеп «Күнделік» жобасына тіркеліп, барлық 43 мектеп осы жобаға қосылды. Яғни аудан бойынша «Күнделік» жобасына 2473 педагог, 9689 оқушы, 6143 ата-аналар тіркелген.
2018 жылы 14 робототехника кабинеттерін сатып алуға 46 млн теңге қаржы қарастырылып, мектептерді ішкі сымсыз WI-FI желісімен жарақтандыруға 17 млн теңге бөлінді.
Ал, аталған ауданның білім бөліміне қарасты Сарыкемер мектеп-гимназиясы базасында 2018 жылдың 24 тамыз күні ІТ-сынып ашылды. ІТ-сыныптар – «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларының арасындағы стратегиялық маңызы зор болып табылатын мектеп жасындағы балаларға арналған жоба. ІТ-сынып ашу жобасының негізгі мақсаттары — жас буынды ІТ-мамандықтықтарды игеруге, жаңа технологияны өмірде қолдануға, өз бетінше бағдарлама құруға үйрету мен әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ІТ-бағдарламашыларды тәрбиелеу. Жалпы, ІТ-сыныптарда оқытылатын балалардың жас ерекшелігі – 8-бен 16 жас аралығын құрайды.
Сонымен қатар, білім инфрақұрылымын құру үшін 49 млн теңге, соның ішінде, арнайы бағдарламамен 8,8 млн теңге, мектептерді мультимедиялық жабдықтарымен жарақтандыруға 19,8 млн, мектептерді кең жолақты интернетке қосу үшін 20,7 млн теңге бөлініп, 8,2 млн теңгеге 27 дана компьютер, 12 млн теңгеге 40 дана жиынтық мультимедиялық жабдық сатып алынды.
Жансая Құрманғалиқызы,
Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы,
«Білім айнасы»