Home » Ашық сабақтар » Багдалина Каухар. Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

Багдалина Каухар. Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Білімділігі: Қазақстан тәуелсіздігі мен Қазақстан туралы ұғым беру.
Дамытушылық: Балаларды өз ойлары мен әңгімелеуге, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын молайту, тақпақтарды мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Қазақстанның Тәуелсіздік күні айтулы мереке ретінде мерекеленетін күн екендігіне түсінік беріп, отан сүйгіштікке, туған жерді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейне суреттер, буклеттер, ЭКСПО, Бейбітшілік үйінің макеттері.
Әдісі: Сұрақ, жауап, түсіндіру.
Ұйымдастыру:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Тәрбиеші: Бүгін елміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланған үлкен мереке.
Біздің еліміз өз рәміздері бар, кең байтақ жері бар тәуелсіз мемлекет.
Балалар тәуелсіздік алғанымызға себепші болған қандай батыр аға-апаларымызды білесіңдер?
Балалар, суретте желтоқсан құрбандары, осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыз байрағымыз желбіреді.
Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира апа-ағаларымызға 1-минуттық үнсіздік жариялайық.
-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Әрине дұрыс айтасыңдар, Қазақстан Республикасында.
— Бас қаламыз қай қала?
— Астана қаласы.
— Елбасымыз кім?
— Н.Ә. Назарбаев.
— Туымыздың түсі қандай?
— Аспан түстес көк.
— Қазақстан Республикасының Рәміздерін білесіңдер ме?
— Көгілдір. Пішіні тік төртбұрышты, ортасында күн сәулесі астында қыран бүркіт, шеті оюмен өрнектелген. Дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында Қазақстан деген жазуы бар.
«Қазақстан жалауы» М.Әлімбаев.
«Елтаңбасы елімнің» С.Қалиұлы.
Осы рәміздеріміз туралы тақпақтарымызды айтайық.
Асылжан:
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн.
Айару:
Жасасын ерлік күн
Жасасын бебіт елмен жер.
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Эльдар:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Адия:
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Ел таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Айерке:
Біз жас ұлан өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені.
Аяулым:
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстан.
— Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл –қыздар сендерсіңдер.
«Туған жер алтын бесік» демекші, елді, жерді сүюді, қадірлеуді мақсат етейік.
Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымызға көк туымызды алып,
«Отаным»әнін хормен айтайық.
Хор: «Отаным»
Тәрбиеші:
Туған халымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді.Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет.Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен балалар – Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.