Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу өнері
«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр.Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, жалыұпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.
Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып,шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп,толық дәрежеде игеру қажет. Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бейнелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру біз мұғалімдердің басты міндетіміз.
Мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмысында ерте заманнан келе жатқан, сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерінің тігу жолдарын, әдістерін оқушыларға үйретемін.Басты мақсатым, балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып,оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру. Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек –орын жабдықтары, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, қалыңдық пен күйеудің бас киімі, белбеуі, үй іші мүліктері яғни жиһаздар кесте өрнегінің жиі безендірілетін еді. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталуда. Оның себебі әдемі,ұнасымды кесте ою өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді.Осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды. Сондай-ақ кесте тігу деп – мата,тері,киіз т.б.материалдардың бетіне әртүрлі жіптермен, зермен, әр алуан суреттермен өрнектер салынып тігілетін қолөнердің бір түрі болып табылады. Кесте тігуде кейде моншақ,інжу,маржан т.б асыл тастар тағылады.
Кесте өнері қазақ халқына ертеден енген өнер екендігін тарихтан байырғы сақ,ғұн,үйсін өнерінде кестені зерлеп, маржандап, түктеп тігу тәсілдері кездескендігін аңғаруға болады.
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді,көз сынайды» , «адам өнерімен әсем,аң жүнімен әсем» деген мақалдарда аз емес. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу,қайып тігу,тепшіп шалып тігу.
Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып, бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүтін композиция құрайтын сурет. Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады. Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға болады. Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық . Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты
Түс
Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әр түстің өзіндік ерекшелігі- қызыл, көк, сары, т.с.с. Түстік оң түстерді бір бірінен ажыратуға көмектеседі ( жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы , қызыл түске диаметрлік қарама қарсы түс жасыл көгілдір, қызыл-сарыға көгілдір, сарыға көк т.с.с. сарының жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайдада олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектікң қандайда бір бөлігін ерекшелеп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалай орналасатынына қарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.)
Мата мен жіп таңдау
Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулине жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс. Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады. Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді.
Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады. Мулиненің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50-60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады.
Кесте тігуге дайындық
Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынып, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды.
Дастарханның жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға түзу сызықты жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрышткр арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған жағдайда (шым, біз, әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.
Суретті матаға көшіру
Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек. Суретті көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта) тегістеп жаяды. Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді. Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады.Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бір жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды.
Геометриялық өрнектерді ( есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен ( мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.
Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланылған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек. Жұмысты осындай тігіс түрлермен орындаймыз.
1. Жай тігістер: қаю, көктеу, бүгу, тепшу, жапсырма қауыстыру, қабу, сыру, торлау, бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б.
2. Көркем тігістер: айқас тігіс, бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау және т.б.
Сынып оқушыларына кесте өнерін, оның түрлерін, тігу техникасын игерудің қарапайым тәсілінен күрделі технологиясына көшу жолдары үйірменің тақырыптық күнтізбе жоспарларында құрастырылған
Адамзат қоғамында бұрын соңды жасаған мұраны мәдени, жүйесі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе. Сондықтан халқымыздың келешегі үшін, оның өсіп-өркендеу, дамуы үшін жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет.
Өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеуде оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту үшін ең алдымен жанұяда, мектепте жан-жақты тәрбиелеуді қажет етеді. Мысалы: оқушыларды кесте тігуге үйретуде жұмыстың түсі, өрнегінің әсемділігі, сурет нұсқауларының көңілділігі және оқушының қолданбалы өнерге үйренуімен, мәдени мұраны игерумен білім дережесімен байланыстыра отырып, эстетикалық талғамын дамытуға болатындығы анық. Осыған байланысты оқушылардың бойында көзге ілінген заттардың ағашынан жирендіріп, сұлуына сүйсінетін, адам жанын түсіне алатын адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз.
Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері-біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және иглікті іс.
Әдебиеттер:
1. Қасиманов С. .Қазақ халқының қол өнері. – Алматы: Қазақстан, 1995.
2. М.Ш. Өмірбекова Қазақстан халқының дәстүрлі өнері. –«Алматыкітап» ААҚ, 2004.
3. Сост. А.М. Гукасова. Рукоделие в начальных классах. Издательство «Просвещение» 1985.
4. Н.А. Якупова, А.Л. Калашникова, Р.Ш.Алимсаева, И.А.Развенкова
Технология. Жалпы білім беретін мектептің 6- сынып оқушыларына арналған оқулық. «Келешек-2030» ЖШС, 2015
Бабылова Раушан Кабдрашидовна,
Көкшетау қаласы, Станционный кенті,
«№7 орта мектеп» КММ
бейнелеу өнері, сызу, көркем еңбек пәндерінің мұғалімі