Home » Жаңалықтар » АҢДАТПА

АҢДАТПА

2018 жылдың 21–22 қыркүйегінде Назарбаев орталығында Халықаралық бейбітшілік күніне арналған Орталық Азия БҰҰ I Халықаралық Моделі өтеді. Іс-шара аясында 21 қыркүйекте сағат 10.15-те «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: 25 жылдық әріптестік және табысты ынтымақтастық жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық және тұрақты даму үшін Қазақстан Республикасының бейбіт бастамалары» тақырыбы бойынша конференцияның ашылу рәсімі өтеді.

Орталық Азия БҰҰ Моделі – бұл БҰҰ шеңберіндегі жаһандық идеяларды талқылау тәртібінде өткізілетін халықаралық үнқатысу алаңы, онда жоғары оқу орнының студенттері мен мектеп оқушылары БҰҰ органдарының жұмысын көрсетеді.

Орталық Азия БҰҰ I Халықаралық моделі Қазақстанның, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердің белсенді әрі елдің болашағына алаңдаушылық танытатын жастарын әлемдік қоғамдастықтың жаһандық проблемаларын шешуге жұмылдыру мақсатында өткізіледі. Конференция жұмысына Қазақстаннан, сондай-ақ Әзірбайжан, Үндістан, Германия, Бангладеш, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан, Сербия, Өзбекстан және т.б. елдерден екі жүзден астам делегаттар мен бақылаушылар қатысады.

Екі күндік талқылаудың қорытындыларымен келісу және қарар қабылдау қатысушылар жұмысының нәтижесі болып табылады. Конференция барысында қабылданған қарарлар БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігіне қарау үшін жіберіледі.

Сессияның ашылуы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қ. Н. Жұмабаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары Ә. М. Рахымжанов, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, дипломат, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.Ы. Сүлейменов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Н. Ашықбаев сөз сөйлейді.

Жоба Басты серіктес – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының қолдауымен жүзеге асады. Сондай-ақ жобаның серіктестерінің қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының кеңсесі және елдің бірқатар жетекші оқу орындары бар.

Өткізілетін күні: 21 қыркүйек 2018 жыл.

Өткізу уақыты:   10:15 сағ. (конференция басталуы),

сұхбат берудің уақыты 11.30 сағ.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, Назарбаев орталығы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.