Жадыраған жазда ақ шағыл құмның әуені естілер осы бір елді мекенде «Ақбұлақ» деген шағын ғана балабақша бар. Балабақша ауласында қардан қамал соғып аққардың көрігін қыздырып жатқан балдырғандар мен тәрбиешілер сары аязды еш елер емес.
Шағын ғана ауласы мен іші көркем безендірілген Мирамкүл Кеулімжайқызы басқаратын «Ақбұлақ» балабақшасы бұл күнде өзіндік ерекшелігімен дараланады.Сусыған ақ құмның ортасында тұрып сол құмнан балаларға түрлі ойын алаңдарын жасап, тіпті аққұмнан АРТ-терапия ұйымдастырып отырғанын көргенде еріксіз сүйсінесің.
«36 жылдық тарихы бар балабақшамызда қазіргі таңда 32 қызметкер еңбек етеді. Мамандарымыздың барлығы жоғары білімді,өнерлі, өз ісінің шеберлері. Аудан,облыс көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырып, нәтижелі жұмыстар көрсетіп жүр», — деді мақтанышпен Мейрамкүл Кеулімжайқызы.
Мейрамкүл Махатова Кеулімжайқызы айдыны шалқар Арал қаласының тумасы. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педогогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын осы Арал қаласындағы «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиешіден бастаған. 2008-2011 жылдары «Қарлығаш» балабақшасында әдіскер қызметін атқарып, одан соң Арал қаласындағы «Алтын балық» балабақшасында меңгеруші де болған. Жанұяда 3 бала тәрбиелеп қана қоймай ел баласын өз баласындай бауырына басқан Мейрамкүл Кеулімжайқызы 2016 жылы балабақшаға меңгеруші болып келгелі балабақшада жаңаша тыныс,жаңаша бетбұрыс басталды.
30 жылдық тәжірибесі бар меңгеруші өзіндік ерекшелігін ала келіп аудандық деңгейде «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың жолдары» атты сеинар ұйыдастырды. Семинарға облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Диханбаева Гүлнар Батырбекқызы қатысып жаңаша бағыттағы жұмыстардың куәсі болды.
Саналы тәрбие мен сапалы білімді ұштастыра білген балабақшаның әр тобында заманауи озық технологиялар мен қатар қолданылып жүрген ұлттық нақышта қолдан жасалынған оқу құралдары ұлттық болмысты,ұлттық тәрбиені даытумен қатар балғындардың рухани дамуына өз үлесін қосып жатыр.
Тәрбиешілердің қолынан шыққан әсем ою-өрнекпен безендірілген орындықтарда отырып ши тоқу құралы,ұлттық аспаптар арқылы үш тілде математикалық тапсырмаларды орындап, үш тілде ән салып,өлең оқыған балаларды көргенде болашақ Зейнулла мен Бекұзақ аталарының ізін жалғап, тіпті оза шабарына сөзсіз сенесің.
Рухани қазынамызды қайта жаңғыртып,әлемдік технологиялармен қатар алып келе жатқан баалабақшаның болашағы жарқын.
Анар Елеусізқызы,
Қызылорда облысы