Ордабасы ауданы білім бөлімінің «Аққу» тірек бөбекжай-балабақшасындағы аудандық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарымен әдіс алмасу іс-шарасы 2018 жылыдың 25 қаңтары күні өтті.
«Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасының аясында өтілетін «Менің – Отаным Қазақстан» тақырыбындағы әдіс алмасу іс шарасын ұйымдастыру барысында «Аққу» балабақшасының меңгерушісі Шойынбаева Ақсауле Орынбасарқызы іскерлігін таныта білді.
Топтардағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жүргізілуі туралы «Кері байланыс» әдісі арқылы талқыланды. Келушілердің пікірлері барлық топтар бойынша кері байланыс әдісімен жазбаша берілді.Бірініші оқу қызметінің тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:. Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің қызығын тамашалай білуге, табиғаттың ерекшелігін сезіне білуге,қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой-өрісін дамыту.
«Бауырсақ» тобының тәрбиешісі Кидирова Банудың ұйымдастырылған оқу қызметіне берілген пікірлер мен ұсыныстар: Бауырсақ тобының оқу қызметіндегі өзіме ұнағаны трафарет әдісі арқылы аюдың суретін салғаны.Кидирова Банудың оқу қызметінен аларым көп. Тәрбиеші балаларды шығармашылық орталығына бөліп балаларға берген тапсырмасы бағдарламаға сай ,дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жасаған жұмыстарынан балдар рухани ләзат алды. Тәрбиешісінен алған мақтауынан қуаныштары бала жүзінен білініп тұрды.
«Балапан» тобының тәрбиешісі Дәрімбекова Ұлбосынның «Менің Отаным Қазақстан» мақсаты бүлдіршіндерді өз отанын сүюге және оларды елжандылыққа тәрбиелеу, баланың бойында патриоттық сезімдерін және адамгершілігін, жақсы қасиеттерді дамыту. Тәрбиешісі балаларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беруі кішкентай балалардың оны мұқият орындауы,ән ұранды айтуы, тәрбиеші әр баламен жеке-жеке жұмыс жүргізуі, оқу қызметінің соңында балаларды кері байланыс әдісі арқылы мақтап мадақтағаны бүлдіршіндердің көңіл-күйін шаттандырды.
«Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Нурекеева Ақботаның «Ағайынбыз бәріміз» тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу-қызметіндегі балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыруы, Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы білімдерін нығайтуы, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруы,сөздік қорын молайтып,сөйлеу мәдениетін дамытуы балаларының үш тілде амандасуы,айтыс өнері,ертегіні сахналауы сонымен бірге шығармашылық жұмыстары өте керемет әрі тартымды болды. Балалармен қарым-қатынасы жақсы,балалар өте белсенді, өзге тілде амандасуы, топқа кірген тосын сәттегі қонақ Стелла ханым балаларды өзіне баурап алуы, балалардың анық сөйлеуі, сөздік қорындағы сөздерді дұрыс пайдалануы Ақботаның тәжірибелі тәрбиеші екендігін көрсетті.
«Гүлдер» ересек тобының тәрбиешісі Торғаева Жазираның «Елім, жерім Қазақстан» тақырыбындағы сабағында балалалардың бойына негізгі құндылықтарды қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау,өз халқына,Отанына деген мақтаныш сезімін оятуы, балалары өте еркін, белсенді, бір-біріне деген сүйіспеншілігі,қарым-қатнасы, тәрбиешінің сабаққа қолданған технологиялары өте ұтымды, балалар өз туған елі туралы тақпақтар айтқанда өте сүйіспеншілік пен айта білуі, балалар тест жұмысын өте тиянақты орындап шықты және Отан, Астана т.б сөздерді жазып оқи алды.Тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ыждахаттықпен орындата білді. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерін,мақал мәтелдерін жатқа білетіуі ол тәрбиешінің еңбегі екендігі байқалды.Олардың бейнесінен әр эементті көре білуі,балаларды Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мнемокесте арқылы мақал-мәтел айтуы балалар үшін өте қызықты «Наурыз» ортанғы тобының тәрбиешісі Утенбаева Айгүлдің оқу қызметі өте жоғарғы дәрежеде өтіп, балалардың сахналаған көрінісі керемет әсерлі болды. Балалардың триз технологиясын қолданып өткен шығармашылық жұмыстары сапалы және де балалардың қызығушылығын оятты. Тәрбиешінің балалармен қарым қатынас мәдениеті өте жоғары. Акт технологиясының элементтерін қолдана отырып, жұмыс жүргізді. Тәрбиеші өзінің шеберлігін пайдалана отырып, бірнеше иновациялық технологияларды пайдалана білді. Оқу қызметінің барлық структурасы сақталған, бағдарламаға сай балалар білімдерін көрсете білуі,балалары өте белсенді интелектуалдық қабілеттері өте жоғарғы дәрежеде екенін көрсете білді.
Балапан тобының тәрбиешісі Бесбаева Айнұрдың «Мәнгілік ел Қазақстан» тақырыбындағы оқу қызметі балалардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білуі,мақал-мәтелдерді тақпақтарды пайдалана отырып, елі, елбасы, туған жері туралы ой-өрісін, түсініктерің қалыптасу байқалады, сөйлеу қаблетін дамытуға,отанын сүйуге,елінің потриоты болуға тәрбиелеу. Оқу қызметін шаттық шеңберіне тұру арқылы бастады .Қонаққа келген әженің тапсырмасын балалар қызығушылықпен мүлтіксіз орындады әженің алғысын алған балалар әжеге сыйлық ретінде, қол өнер бұйымдарын жасады. Дидактикалық ойын ойналды. Мақал мәтелді жалғастыр ойынында балалар мүдірмей жауап берді Әженің үш түсті асығының тапсырмасын орындап,әженің алғысына бөленді. Әжеге тақпақтар айту арқылы оз Отанының патриоты екендерін көрсете білді.
«Балдырған» тобының тәрбиешісі Тоқтарбаева Гауһар «Әжемнің үйі ақ жайлау этностудиясы» тақырыбындағы оқу қызметінде балардың бойында ұлттық сананы оятуы, жас ұрпақ санасына туған халқына,салт–дәстүріне ұлттық ойындарына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатуы, оқу қызметі барысында тамаша көрінісі берді, салт-дәстүрлерді жеке–жеке таныстыруы балаларға түсінікті болды,балалардың жауабы толық, және ешқандай бала қалыс қалған жоқ. Балалар тура студияда жүргендей сезімде болды .Қазақтың қолданбалы сәндік өнерінен көбірек мағлұмат алды. Және де балалар әжесінің студиясына барып түрлі қазақтың қолданбалы өнерін өздері жасап шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
«Святлечок» ересектер орыс тобының тәрбиешісі Юсупова Камшаттың «Моя Родина Қазақстан» тақырыбындағы оқу қызметінің мақсаты балалардың отан туралы білім кеңінен ұлғайтуы, еліміздің табиғи байлықтары туралы мағлұматтар беруі, үлкен қалалар туралы мағлұматтар беруі, тілі байлығын дамытуы, балалардың еліміз бен жеріміз туралы сұрақтарға жауап беруі, отанды құрметтеуге үйретуі ол тәрбиешінің жетістігі. Орыс тобының балалары өте белсенді, балалардың сахналаған көріністері өте керемет,балалардың бағдарламаны жақсы менгеруі, тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап беруі, дамыта оқыту технологиясын, мантесори технологиясының элементтерін тиімді пайдалануы, тәрбиешінің биязылығы, балалардың шығармашылық жұмыстарының эстетикалық талғамға сайлығы тәрбиешінің жақсы маман екендігін көрсетті. Сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру ұйымы яғни «Аққу» бөбекжай балабақшасының тәрбиешіліері Исхакова Бақыт, Құрымбаева Маржан, Усен Роза еңбектерін атап өтуге болады, әдіс алмасу іс-шара барысында мамандар өздерінің кәсіби шеберлігін көрсете білді.
Бектұрғанова Райхан Бектібайқызы,
«Аққу» бөбекжай балабақшасының әдіскері,
Ордабасы ауданы