2017 жылдың 22-сәуірінде Қарағанды облысы балалар шығармашылығы бойынша ұйымдастырылған «Маленькая страна» байқауына «Аққу бөбекжайы» тәрбиеленушілері хореография номинациясы бойынша «Кошкин дом» сахналық қойылымын би түрінде көрсетті. «Өрт» туралы би көрінісінің шынайылығы көрермендер мен әділ қазылар алқасына, ата-аналарға тосын көріністей әсер етті. Сахналық көріністің ерекшелігі балалардың жоғарғы деңгейдегі орындауында және киім үлгілеріде, безендіру құрал-жабдықтары да талапқа сай болды. Үлкен сахнаға алғаш шыққан бөбектеріміз еш толқымай өз тапсырмаларын орындап шықты. Байқауға қатысуға бөбекжай ұжымы және ата-аналар ұжымы бірлікте өз үлестерін қосты.
Құттықтаудан кейінгі балалар мен ата-аналардың көңіл күйі көтеріңкі болып, толқу байқалды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар, естелік «Биші мүсіні» және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, оларды дайындаған педагогтарға «Алғыс хаттар» табысталды.
Ералиева Асылзада Абильхаировна
Қарағанды облысы,
Абай қаласы,
«Аққу бөбекжай» КМҚК директоры