Білім беру саласы: «Шығармашлық»
ҰОҚ: Аппликация Аққала
Мақсаты: жыл мезгілдеріне тән ерекшеліктерді түсіндіру.
Білімділік: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Аққаланы құрастыруға, оны ұжыммен бірге желімдеуге үйрету.
— Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай?
Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп, бас бармақтарыңды көрсетесіңдер.
- «Үміт» балабақшасы қандай?
- «Балапан» тобының балалары қандай?
- «Қыс» мезгілі қандай?
- «Қар» жауған қандай?
- Айзеренің күлкісі қандай?
- Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
- Бүгінгі келген қонақтар қандай?
Жақсы балалар бүгінгі күндерімізде осындай тамаша өтсін.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (слайд)
- Қыста күн қандай болады?
- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
Жақсы балалар бүгін мен сендерді екі топқа бөліп, білімдеріңді тексеремін. Әр дұрыс сұраққа бір жұлдызшадан беріп отырамын, қай топ көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
- Жыл мезгілдерін атаңдар?
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Ой, балалар, мынау қыс ханшайымы емес пе?! Өзі ашулы ғой.
Қыс ханшайымы: Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай не думан өткізіп жатырсыңдар, көрсетемін сендерге. (сиқырлы таяғымен) тәрбиешіні қатырып тастайды. Балаларды қатырғысы келеді, балалар қатпайды. Түсінбей тұрмын, мына балалар неге қатпайды а?
Тәрбиеші көмекшісі: Біздің балаларды қатыра алмайсыз.
Қыс ханшайымы: Неге?
Тәрбиеші көмекшісі: Оны балалардың өзінен сұраңыз.
Қыс ханшайымы: Балалар мұз болып қатырсам не істер едіңдер?
Балалар: Қоян болып секіреміз.
Қыс ханшайымы: Қарға айналдырсам не істер едіңдер?
Балалар: Шырша болып айналамыз.
Қыс ханшайымы: Боранға айналдырсам ше?
Балалар: Орнымызға отырамыз.
Тәрбиеші көмекшісі: Балалар Нұрханым Серікқызын жақсы көресіңдер ме?
- Ендеше бәріңіз Нұрханым Серікқызын құшақтап, жылытыңдар, мүмкін сиқыры кетіп өз қалпына келер.
Қыс ханшайымы: Қой мен де ерімей тұрғанда кетейін мына жер тым ыстық екен.
- Рахмет балалар, менің бойымды жылыттыңдар, қыс деген осындай қатал болады, далада жалғыз жүргуге болмайды, аязға тонып қаласыңдар.
Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгін менің туған күнім.
Тәрбиеші: Ой, балалар ақ қаланың туған күніне қандай сыйлық берсек болады екен.
Аққала: Балалар маған сендердің көмектерің керек, сол маған үлкен сыйлық болады.
Тәрбиеші: Ол қандай көмек?
Аққала: Балалар мен ақ қалалар орталығынан келіп тұрмын, менің досымды қар ханшайымы сыйқырлап тастады, біз өзіміз сыйқырдан құтқарайық десек, ол тапсырмаларды орындай алмаймыз.
Тәрбиеші: Балалар аққаланың тапсырмаларын орындайық.
Тапсырмалар:
1.Бірініші ең үлкен астыңғы дөңгелегінің тапсырмасы:
— Қыс мезгілі туралы мақал-мәтел;
2.Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы:
— Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар;
3.Басының тапсырмасы:
— Аққала неше бөліктен тұрады?
- Қалпағының тапсырмасы:
— Аққаланың мұрны қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
5.Оң қолының тапсырмасы:
-Қыстап қалатын құстар;
6.Сол қолының тапсырмасы:
-Қысқы ойындар;
- Міне балалар біз аққаланы құрастырдық, енді біздер аққалаға сыйлыққа екі топ екі аққалаларды жапсырып берейік. (Ұжымдық жұмыс)
Қар ханшайымы жолай алмайтындай болсын.
- Енді балалар сендердің жинаған жұлдызшаларыңды санайық.
- Балалар аққаланың қарны ашып қалаған шығар, оны тамақтандырайық, оған не берсек екен, ыстық шәй берсек, ол еріп кетеді, бәліш берсек, ол еріп кетеді, енді не берсек екен, мен таптым аққалаға мұздан жасалған кәмпттерді берейік.
Аққала: Алақай достарыма беретін болдым, рахмет сендерге, бірақ сендерге жеуге болмайды, сендердің тамақтарын ауырып қалады.
Тәрбиеші: Балалар, аққала көздеріңді жұмыңдар мен сендерге бір сиқыр көрсетемін.
Теледидардан: Балалар сендерге көп рахмет, аққала досым мен сені ақ қалалар қалашығында күтемін.
Аққала: Алақай, рахмет сендерге. Сау болыңдар!
Ән: «Аққала».
Жұмағалиева Н.С.,
Ақтөбе қаласы,
№26«Үміт» Мектепке дейінгі ұйым
ортаңғы «Балапан» топ тәрбиешісі