Home » Ашық сабақтар » «Ақымақ тышқан» (украин халық ертегісі)

«Ақымақ тышқан» (украин халық ертегісі)

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дауыс ырғағын сала білуге үйрету. Тілдік қорларын дамыту. Ата-анасын құрметтеуге, үлкенді тыңдауға тәрбиелеу.
Барысы:
Ерте, ерте, ертеде, өзі ерке, тентек, ақылсыз бала тышқан болыпты. Бала тышқан еркелігі сондай, анасын мүлдем тыңдамапты, анасы не істесе де бала тышқанға ұнамапты. Бір күні Тышқан ана баласын ұйықтатпақшы болады.

Түнде тышқан ән салды:

  • Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем,

Әлди, әлди, әлди- ай,

Әлди, бөпем, ұйықта жәй.

Бала тышқан жауап берді:

  • Сенің даусың жіңішке,

Шіңкілдейсің, анашым,

Күтуші тап ерекше.

Тышқан  ана жүгірді,

Үйрекке келіп жүгінді:

  • Келші бізге, үйрекжан,

Баламды менің тербетші.

Тышқанға үйрек ән салды:

  • Кішкентайым ұйықтай ғой,

Жаңбырдан соң мен саған,

Қоңыз теріп беремін,- деп әндеткенде кішкентай тышқан оған:

  • Қатты даусың тіпті де,

Ұнамады әнің де.

Тышқан ана жүгірді,

Бақаға келіп жүгінді:

  • Келші бізге, бақажан,

Баламды менің тербетші.

Тышқанға бақа ән салды:

  • Жылама, тышқан, ква- ква- ква,

Ұйықта, тышқан, сен таңға,

Тауып берейін мен маса,- деп әндеткенде тышқан оған:

  • Ұнамайды дауысың,

Көңілсіз сен ән айттың.

Тышқан  ана жүгірді,

Жылқыға келіп жүгінді:

  • Келші бізге, жылқыжан,

Баламды менің тербетші.

Жылқы келіп тышқанға ән салады:

  • Тәтті, тәтті ұйықтай ғой,

Жата қойшы оң жаққа,

Сұлы берем саған да,- деп әндеткенде кішкентай тышқан оған:

  • Ұнамады дауысың,

Қорқынышты өлеңің.

Тышқан ана жүгірді,

Доңызға келіп жүгінді:

  • Келші бізге, доңызжан,

Баламды менің тербетші.

Доңыз келіп тышқанға,

Ұйықтатады тербетіп:

  • Ұйықтай қойшы хрю- хрю- хрю,

Жата қойшы хрю- хрю- хрю,- деп әндеткенде кішкентай тышқан оған:

  • Әнің тіптен,

Дөрекі неткен- деп айқайлайды.

Тышқан ана жүгірді,

Тауыққа келіп жүгінді:

  • Келші бізге, тауықжан,

Баламды менің тербетші.

Тауық келіп тышқанға ән салады:

  • Қанатыма жата ғой,

Тынышталып ұйықтай ғой,- деп әндеткенде кішкентай тышқан оған:

  • Ұнамады әнің де,

Ұйықтатпадың мені де- деп жылайды.

Тышқан ана жүгірді,

Шортанға келіп жүгінді:

  • Келші бізге, шортанжан,

Баламды менің тербетші.

Шортан келіп тышқанға,

Аузын ашып жабады.

Не айтқаны тіпті де,

Естілмей де қалады.

  • Естімедім дауысыңды,

Жәй айтасың әніңді.

Тышқан ана жүгірді,

Мысыққа келіп жүгінді:

  • Келші бізге, мысықжан,

Баламды менің тербетші.

Мысық келіп тышқанға ән салады:

  • Ұйқтай ғой мяу- мяу,

Жата қойшы мяу- мяу,

Керуетке мяу- мяу.

  • Сенің даусың әдемі,

Ән айтасың әуезді,- деп кішкентай тышқан ұйықтап қалады.

Ал, мысық тышқанды жеп қояды.

Тышқан ана жүгіріп,

Кереуетке келеді.

Іздеді ол баласын,

Таппай бірақ қалады.

Сөйтіп, анасын тыңдамаған бала тышқан мысыққа жем болады.

 

 

Алимбетова Гулдана Есмұратқызы,
БҚО, Орал қаласы №21 «Росинка»
бөбекжайының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.