Home » Әңгіме » Ақылды ешкі мен әже

Ақылды ешкі мен әже

Бұрынғы заманда бір қарт әжей болыпты. Оның ешкімі болмапты. Тек қорасында жалғыз ешкісі болыпты. Әженің барлық ермегі сол ешкі :жем береді,суарады,тіпті сырласады да. Ешкі болса әжеге сүт береді,әже өзінен артылған сүтті көрші ауылдағы туысқанына, көп балалы отбасыға береді екен. Сол сүтті әжесі ешкінің арқасына қойған дорбасының ішіне салып беріп, ал ешкісі апарып береді екен. Туысқандары келесі бір ауылда тұрады,сондықтан ешкі күнделікті жолын біліп алған екен. Бір күні әдеттегідей ешкі сүт апарып беруге кетеді,бірақ келіп болмайды. Әже әрі күтеді, бері күтеді, бірақ ешкі жоқ. Әжеміз қатты уайымдайды. Таңата әже жолға шығады. Туысқанының үйіне әрең дегенде жетеді,ешкісін сұрайды. Туысқаны аң-таң. Оларға ешкі келмегенін айтады. Әрі ойланып,бері ойланып әже ешкісін іздеуге шығады. Барлық жерді қарайды,таппайды. Жабырқап, жылап үйіне қайтады. Ешкісіне әбден үйреніп қалған әже,амал жоқ көнеді. Сөйтіп күндер өте береді.
Ал ешкі болса сол жоғалатын күні әдеттегідей сүтін көршісінің үйіне апара жатқанда жолда қасқырды көреді.Қасқыр: «Ей, Ешкі, дорбаңның ішіндегі не нәрсе?»-дейді. Ал ешкі болса: «Қасқыр аға, бұл әжемнің туысқанына беріп жіберген сүті еді. Соны апара жатқанмын.»-дейді.

«Жолда шаршаған шығарсың, жақын маңда менің үйім бар еді, сені қонақ етейін. Демалып, сонан соң барарсың.» Ешкі:

«О не дегеніңіз ағатай, жолдан қалмайын, кешке дейін үйге баруым керек. Оған қоса үйде әжем де мені  сарыла күтіп отырған болар».

Қасқыр: «Менің қорамда жап-жасыл жоңышқа көп. Дәмін айтсаңшы м-м-м».

Ешкі болса қызығып,қасқырдың алдауына түсіп оның үйіне барады.Барса ешқандай да шөп жоқ екен. Есесіне қасқыр оны қораға қамап тастайды. Қасқырдың қорасының ішінде :қой,қоян,тауық бар екен. Оларды қасқыр кезекпен жеу үшін сарайға қамап қояды. Сөйтіп күндер өтеді. Содан   төртеуі бұл жерден қалай шығамыз деп ойланып,төртеуі қасқырдың сазайын беруді шешеді.

Бір күні таңертең қасқыр есікті ашқанда қой мен ешкі мүйіздерімен шаншып алады, есеңгіреп, маған не болды деп тұрғанда, тауық тұмсығымен шоқып-шоқып алады,ал қоян артынан бір теуіп өлтіреді. Сөйтіп төрт дос аман-есен қасқырдан құтылады. Бірақ қой,тауық,қоянның баратын жерлері жоқ екен. Сонда ешкі ойланбастан өз үйіне апарады. Бір күні әже таңертең ұйқыдан тұрып,жуынып, шайын қойып, терезесінің  жапқышын ашқаны сол еді, аулада терезесінің алдында сүйікті ешкісі қашан шығасың дегендей  маңырап еді, әжесі жас балаша далаға жүгіріп шығып ешкісін құшақтап алады. Ал ешкінің қасында қой,тауық және қоян бар еді. Әже оларды көріп қатты қуанады. Ал ақылды ешкі өзінің ақылды достарымен өніп-өсіп әжелерімен бірге көңілді өмір сүреді.

 

          Темірбай Темірлан
№71 мектептің  2-сынып  оқушысы
Арал қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.