Home » Ашық сабақтар » Ақылбекова Асемгуль. Күй атасы-Құрманғазы. Құрманғазының өмірбаяны мен  шығармашылығы

Ақылбекова Асемгуль. Күй атасы-Құрманғазы. Құрманғазының өмірбаяны мен  шығармашылығы

 

 

Сабақтың мақсаты: Күй өнерінің құдіретін қастерлеуге баулу, күй шежіресі Құрманғазы Сағырбайұлы туралы толық түсінік беру.
1. Білімділік: Оқушыларға Құрманғазының өмірбаянымен таныстыру, шығармашылық жолын түсіндіру арқылы музыкалық білімін арттыру. Орындаушылық қабілетін арттыру.
2. Дамутышылық: Оқушыға күйлердің тарихымен таныстырып, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.
3. Тәрбиелік: Оқушыны Құрманғазы күйлері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Көрнекіліктер: Күйшінің суреті, домбыра, үнтаспа, кітаптар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларға Құрманғазының өмірбаяны мен шығармашылығын қайталау.
3. Құрманғазы күйлеріне түсінік беру, күйлерін тындау.
4. «Күйді тап» ойынды өткізу
5. Бағалау.
6. Қайталау сабақ.
Құрманғазы Сағырбайұлы 1818-1889 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақтың ұлы күйші композиторы, қазақ музыкасының классигі, Батыс Қазақстан күйшілік мектебінің көрнекті өкілі.
Ол Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысы, Жанақала ауданы, Жиделі деген жерде өмірге келіп, Ресейдегі- Астрахан облысының «Құрманғазы төбе» деген жерінде топырақ бұйырған.
Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйші болған.  Әкесінің өнерге мойын бұрмаған шаруа адам болғанына қарамастан, Құрманғазы даулескер күйші Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей, Баламайсан, Шеркеш сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Ол күрделі кезеңде ғұмыр кешкен. Өткені бұл кезең патшалық Ресейдің жүргізген отаршыл саясатының ең қарқын алған, шектен шыға бастаған кезі еді. 1836 жылы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болған. Сол жылдары «Кішкентай» күй жарық көрді. Бұл күй Құрманғазының ең алғашқы күйлерінің бірі болатын. 1857 жылы Құрманғазы түрмеге қамалады, бірақ Сібірге айдатылып бара жатқан жерінен қашып құтылады. Кейін Орынбор түрмесіне қамауға алынады. Құрманғазының түрме тақырыбына бірталай күйлері бар: «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Саранжап». Жалпы Құрманғазының 70-тен аса күйлері бар.
Құрманғазының көптеген күйлері бар. Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау əдістерін, аспаптың дыбыстық жəне техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады. Соның бірі «Терісқақпай» күйі. «Терісқақпай» аттас күйлер көптеп кездеседі. Құрманғазының «Терісқақпай» күйінде «Адай», «Түрмеден қашқан» күйлерінде сияқты атшабыстың ырғағы бар. «Терісқақпай» бастаған жерден-ақ қажырлы болып келеді. Күйдің ырғақтықтылығының қалыптасуы басқа күйлерге ұқсамайды. Мұнда қағыстың әлді үлесі-қаққан қолдың жоғары қарай шығуына тура келеді. Сондықтан бұл күйдің ырғағында акцент табиғи түрде болмай ауысып келеді. Күйдің ауысқан акцент-синкопа арқылы орындалуы осыдан. «Терісқақпай» ешбір буыныда дыбыс күшін тоқтатпайды, әлсіремейді, еш жерде баяуламайды. Қайта кей жерлерінде музыка дүрлігіп кетеді. Қиын болған себепті бұл күйді көрінген домбырашы ойнай алмайды.
Құрманғазының «Балбырауын» күйі-жігерлі, өмір жырын жырлайтын, көңілді, оптимистік шығарма.
Мұғалімнің орындауында Терісқақпай күйін тындату.
Музыкалық тереңдік,техникалық даму, динамикалық күш жағынан тендесі жоқ. «Балбырауын» күйінің шығу тарихы: Браун деген неміс бал ұйымдастырып,соған түрмеде жатқан Құрманғазыны алдырады. Құрманғазы осы күйді сол жерде бірден шығарып орындаған екен. Бұл күй ауыл жастарының ойын-сауығына арналған. Күйдің музыкалық кейпінде бидің негізі бар, көңілді, шабытты, ырғағы жеңіл болып келеді. Күй соль мажор үндестігінде жүреді жыне басынан аяғына дейін 2-4 өлшемде. Күйдің басталғандағы үш такт ырғақтық дәнін берумен қатар, аса жүрдектігінен, динамикасынан хабар береді. Күйдің бірінші бөлімінде қажырлы түрде терция бойы жоғары өрлеп басталады. Бұл бөлімнің арғы буынында музыкалық ырғақ құбылып, екі дауыс ырғақтық үндестікке келеді. Екі дауыстың қозғалыстары бірыңғай болып біраз кідіріп, осы бөлімнің соңғы буынында секвенциялап төмен түскен жүріс, құбылу арқылы пайда болған оналтылық үлестер-қаптай жүріс, бір жерден қозғалу суретін келтіреді.
Домбырашылар ансамбльнің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»

  1. Ойын түрлері оқушының  ой қабілетін  арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқушыларды екі топқа бөліп, ойыннын шартарын түсіндіру.

  • Балаларға жасырыңған күйдің суреттерін жумбақ ретінде көрсетіп, тапқан оқушыға үзіндісін  ойнату
  • Балаларға күйдін үзіндісін тындатып, күйдін атын табу керек

Ойынды бағалау, оқушыларды марапаттау.
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз сендермен Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімеледік, ұлы күйшіге байланысты ойындар ойнадық. Қүйлердің тарихымен таныстық. Балалар, сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет. Сабақ аяқталды.

Ақылбекова Асемгуль Рахметулловна
«Осакаровка кентінің Балалар өнер мектебі»
Домбыра сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.