Home » Білім және тұлға » Ақтарып дәптерімнің парақтарын, ойларымды саралап салмақтадым

Ақтарып дәптерімнің парақтарын, ойларымды саралап салмақтадым

Қазіргі «кризис» заманға қарамастан мемлекетіміз барлығы балалар үшін деген мақсатта 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жер-жерлерде мұғалімдердің біліктілігін арттырып жатыр. Соның бірі бүгінгі таңда (27.03.2017-14.04.2017 ж) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алтын ауыл мектебінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру инстуты», «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай Байжанқызының жетекшілігімен өткізіліп жатыр.

Жас та болса бас маман Арай Байжанқызы 20-55 жас аралығындағы әр жақтан келген педагог қызметкерлердің басын бір арнаға қосып, ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне тірек болды. Өзінің талап қойғыштығымен, жауапкершілігімен ұстаздарды жаңартылған білім білім беру бағдарламасы тілінде сөйлеп, меңгеруіне жол ашты. Жетік тілімен, тиянақтылығымен термин сөздерді, критериалды бағалауды, жоспарлауды әр ұстаздың толық меңгеруін көздеді.

Еліміздің халық санының күрт өсуімен, ауа райының өзгеуінің әсерінен жаңартылған бұл бағдарламаның ерекшелігі көзбен көріп, қолмен ұстаған оқушылардың естерінде жақсы сақталады дей келе, белсенді іс-әрекетке бағытталған. Бірінші сыныпқа алғаш қадам басқан балаларды қалыптастыру үшін баға қойылмай кері байланыс жазу ұсынылады. Бір сарынды оқу ғана емес түрлі жаңа әдіс-тәсілдерге бай бұл бағдарламаны баршамыз құптаймыз.

Дәптерімнің парақтарын ақтарып бақсам жаңа бағдарлама жайлы келгенде білеріміз бірен-саран болды. Енді міне бас-аяғы он бес күннің ішінде көптеген ақпараттардан хабардар болдық.

Мінекей курсымыздың да соңғы күндері келіп жетті. Қимастықпен қоштаса отырып білікті маман, өз ісінің шебері Арай Байжанқызына арман-тілектеріңізге жете беріңіз дегіміз келеді. Алда маңызды сәт тест тапсыратын күнімізде әріптестеріме айтарымыз мемлекетіміз бізге үлкен жауапкершілік артуда сол істе білім-білік, дағдыларымызды абыроймен көрсете білейік!

Дарынды да білімді әріптестерім тұрғанда ХХІ-ғасырда Қазақстан Республикасының да бәсекелеске қабілетті елу елдің алдыңғы қатарына шығарына сеніміміз мол.

 

Қарасай ауданы,

бастауыш сынып мұғалімдері:

 Абуева Мөлдір,

Хасанова Гаухар,

Түлкибаева Құндыз,

Қожабекова Гаухар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.