Home » Жаңалықтар » Ақпараттық технология-жаңалықтың жаршысы

Ақпараттық технология-жаңалықтың жаршысы

 

Н.Ә Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Қазіргі ақпараттық технология заманында цифрландыру ісі, бәсекелестік жоғарғы сападағы заман талаптарына сай дамып, қазіргі кезде мектепке білім берудің  негізгі мақсаты — жан-жақты білімді, өзгермелі заманда өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, шығармашыл іс-әрекетпен айналысатын мұғалім ғана  қалыптастыра алады.

Нұр-Сұлтан  қаласына  «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктігін арттыру мекемесіне Шымкент қаласынан  өз іскерлігімен әдіс тәсілдерін  алмасу мақсатында  «Графика және жобалау» курс бойынша  тренеріміз  Айдарбек  Бәкіржан Әшірәліұлы жаңартылған бағдарлама бойынша бағыт-бағдар алған мұғалімдер өз ризашылығын білдіруде.

Жаңартылған білім берудің тиімділігі- қазіргі білім беру бағдарламасының мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін қайта қарастыру. Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру- жаңартылған білім беруді енгізудің нәтижесі болу керек.

 

Бердалиева Аягөз,
Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназиясы
графика және жобалау пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.