«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Оқытудың жаңа ақпараттық- технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық –технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық –технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Негізгі бөлімдегі кезеңдер бойынша қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық- технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық- технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, «On-line» сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Интеративті әдістерге: презентациялар, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, ролдік ойындар т.б. жатады.
Биологияны оқтуда ақпараттық- технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
· оқушының өз бетімен жұмысы;
· аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
· шығармашылық есептер шығару кезінде биологиялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
· қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
· қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
· іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
· қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
· оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қорыта айтатын болсақ, биология сабағында оқушылардың ақпараттық- технологияларды пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Жаңа технология әдісі бойынша әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Модульдік технология күннен күнге дамып, келеді. Бұл әдістің бағыт бағдар беру, түсіндіру қорытындылау сияқты мақсаттарды алға тартады. Барлық сабақтарды оқыту барысында оқушыларға қызықты белсенділігін арттыратын, тәрбиелік мәні бар білімді тұлғаны заман талабына сай азаматты тәрбиелеп шығаруға бағытталады. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Абдыхан Сәуле Баймұрзақызы,
«Балдәурен-Шымкент» республикалық
оқу-сауықтыру орталығының мұғалімі