Home » Мақалалар » АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Қазіргі кезде білім кеңістігін заманға сай ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:

Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету.

Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деп бекер айтпаған.Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген  қызығушылығын арттырудың бірден бір жолы, компьютер желісін және мультимедиялық – электрондық оқулықтарды тиімді қолдану болып табылады. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырса, аудио видео жазбалар оқушылардың тыңдау, сөйлеу дағдыларын  дамытуда зор  үлес қосады.  АКТ қолданудың маңыздылықтарына тоқталып өтер болсақ:

  • Шексіз ақпарат әлеміне енуге,
  • Жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындауға
  • Оқушының өз бетімен білім алуына, алған білімін бағалауға, бақылауға
  • Қатысымның барлық түрлерін — мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттерін жүзеге асыруда
  • Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
  • Ақпараттық аудио видеороликтерді көрсету,
  • Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
  • Рефераттар және презентациялар құру,
  • Кез — келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
  • Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.
  • Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалануға шексіз жол ашады. Сонымен қатар
  • лексиканы оқып үйретеді;
  • сөйлеу ырғағын;
  • диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
  • хат жазуға үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге оқушылардың есінде сақтауға

көмектеседі

  • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
    • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
    • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
    • оқушылардың шығармашылығын арттырады;
    • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
    • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
    • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Сондықтан мен өз сабақтарымда компьютерді ,мультимедиялық және электрондық оқулықтарды сонымен қатар интерактивті тақтаны  жиі қолданамын.Атап айтсам “English grammar for pupils “Enjoy english”. “English grammar for pupils ”оқулығы  ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.
Ал “Enjoy English” электронды оқулығы оқушылардың тыңдау,ойлау, сөйлеу дағдыларды  және  коммуникативті дағдының дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.
Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам: Лексиканы меңгерту: Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде

Сөйлеу жұмыстары :

Көптеген бағдарламаларда

микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады.

Сөздер мен сөз тіркестері

тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды.

Бұдан соң диктордың сөзді айту,

яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып,

жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны

түзетуге мүмкіндік алады.

Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету — оқушыларды қызықтырады.

Жазуды оқыту.

Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны интеактивті тақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қорыта келгенде Жаңа замандағы — Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.Білім беру үдерісінде компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы екенін ескере отырып, біздер-мұғалімдер, заман ағымынан қалыс қалмай, жас ұрпаққа сапалы да саналы білім беру үшін АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ тиімді пайдалана білейік дегім келеді.

 

 

 

    Кендебай Майгул
Астана қаласы
Әлкей Марғұлан атындағы

         №40 орта мектебі
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.