Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен оқу үрдісінде инновациялық технологияларды ендірудің негізгі бағыттары мен идеялары жайында білім беруді дамытудың мемлекеттік білім бағдарламасында және Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» страгетиясында айрықша көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беруде қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғалымдық, коммуникациялық желілерге қосылуы, білім беру жүйесін одан әрі дамыту» міндеттері көрсетілген. Жас ұрпақтың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда жаңа технология бағыттары оң нәтижелер беруде. Осыған байланысты дәстүрлі емес ойлауға икемді, аса күрделі мәселелерді шешуге алғырлық таныта алатын студенттер даярлау қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Осыған орай, ақпараттық технологияларды қолдану түрі педагогикалық міндеттерді шешу жолында негізгі құрал болып табылады.
Мектептерде оқыту үрдісін технологияландыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Үздіксіз білім берудің көп деңгейлі жүйесі мен халықаралық білім беру кеңестігіне қадам басудағы жоспарлы интеграция өз кезегінде, білім беру жүйесін басқарудағы жаңа талаптарды жан-жақты саралауды қажет етеді. Үздіксіз білім беру жүйесін ақпараттандыру оқу үрдісіне оқытудың инновациялық технологияларын ендірудің аса қажеттігі қоғам талабына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға мүмкіндік береді. Мектептерде ақпараттық технологияларды қолданудың басты бағыттары қатарына оқушыларға білім беру сапасын арттыру, білім саласындағы жаңашылдықтарды саралау, білім беру барысында жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық-коммункациялық технологияларды, электронды оқулықтар мен интернет технологиясы арқылы ақпарат кеңестігінен білім алуға қабілетті тұлға қалыптастыруды айтуға болады. Қоғам дамуындағы жаһандандыру мәселелері, ақпараттық қоғам үрдісіне ауысу, ұлттық экономикадан әлемдік экономикаға ауысу, білім беру үрдісіне де ақпараттық технологияларды жан-жақты қолдануға ықпал етіп отыр.
Ақпараттық технологияның қолданым дәрежесі радикалды стиль тұрғысында қарастырылып, оның мәні ескіше қолданылып келген дәстүрлі түрден мүлдем басқаша құрылады. Оқушы бұрынғы өзінің деңгейіндегі білім стандартынан әлдеқайда басқа жолға түседі, ішкі интеллектуалдық мүмкіндігіне сай сөз қорын жинайды және оны сапалы тұрғыда байыта алатын бағдарды ұстайды.
Бүгінгі таңда мектептерде оқушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, тұлғалық қабілеттерін шыңдау саналы, тұжырымды ойлау мәдениетін дамытып, ішкі әлемін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, оны дамыта оқыту, оқыту үрдісінің негізгі мақсаты болып табылады.
Ақпараттық технологияларды ағылшын тілінде оқыту үрдісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, дамыған оқушы ретінде танылуларына негіз болады.
Ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, ағылшын тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және теориялық ойлауын дамытуға, оқушылардың ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Мектептерде ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Қазіргі оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдармалық және әдістемелік жабдықтар, әр түрлі оқыту үрдісін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруда, өзіндік жұмыстарды орындауда әдістемелік құрал ретінде де маңызды.
«Ақпараттық технология» компьютерлік технологияны қолдану арқылы қажетті мәліметтерді ала отырып, оқушылардың коммуникативті қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ағылшын тіліндегі сөздік қоры мен ауызекі сөйлеуін дамытуға, грамматиканы сөйлесім арқылы меңгеруге бағытталған оқу үрдісі болып табылады.
Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тілді үйренудегі белсенділікті қамтамасыз етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық оқыту технологияларының озық үлгілерін қолдану арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жаңарту, оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін молайту, электронды оқулықтар жасауды ұйымдастыру ұлттық білім беру деңгейін халықаралық стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Осыған байланысты бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік бағыттарын анықтау, оқыту үрдісінде ақпараттандыру бағыттарын айқындауды жан-жақты қарастыру міндеті туып отыр. Бұл міндеттің өзектілігі қоғамдық сұранысқа ғана емес, сонымен қатар жастардың ақпараттық қоғамның бүгінгі таңдағы жағдайларына орай өзін таныту, анықтау қажеттілігіне де байланысты да айқындалады.
Осы орайда бүгінгі таңда педагогикалық және психологиялық әдебиеттеорден компьютерлік технологияның енуімен және дамуымен байланысты қолданысқа енген «технология» деген ұғымды кездестіруге болады. Бұл ұғым өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап АҚШ, Англияда бастауын алып, қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде тәжірибе жүзінде кең тарады. Оның таралуы кездейсоқтық деп айтуға болмайды. Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік өзгерістер, Отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге талпынысы жоғары білім беру саласына жаңа көзқарастарды қажет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам және еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» — деп атап көрсетілген. Ол Б.Т. Абықанованың еңбектерінде және С.А. Нұрпейісованың еңбектерінде көрсетілген.
Егер жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын айқындап, оның моделі жасалса, онда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптасқандығын көре аламыз, атап айтсақ:
- Ақпараттық технологияны қолдануды теориялық тұрғыда негіздеу оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттігін арттырып, сөйлеу арқылы қарым-қатынасын байытуға септігін тигізеді.
2. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттары оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын арттыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
3. Ағылшын тілін еркін сөйлей алатын тұлға қалыптасуына әсер етеді.
4. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі ағылшын тілін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, ағылшын тілі оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі заманауи талаптарға сай оқушыларға сапалы білім берудің маңызды мәселесі.
Оқушыларға ақпараттық білім беру арқылы, ақпараттық технологияларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алуға қатысты біліктілік, дағдылық, ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың маңызы зор.
СейтжановаТлеуле Нұрсапақызы,
Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі,
Астана қаласы