Home » Мақалалар » Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды  мектепке дейінгі ұйымдар қызметінде тиімді пайдалану

Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды  мектепке дейінгі ұйымдар қызметінде тиімді пайдалану

АКТ жүйесі — балаларды тәрбиелеу  мен оқыту, мектепке дайындау және  қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан компьютерлік сауаттылық-  оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттырады. Қазіргі оқыту процесі менеджментінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы басты мақсат – кішкентай балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Балаларда танымдық қызығушылықтың болуы олардың ұйымдастырылған оқу қызметтерінде іс-әрекеттерге белсенді қатысуына, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соған сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда ақпаратты технологияларды  оқыту процесінде кеңінен пайдаланады.

АКТ-ны  ұйымдастырылған оқу қызметтерінің кез келген кезеңінде: күрделі жағдай тудыра отырып, үйрететін тақырып бойынша сұрақтардың көмегімен тақырыпты белгілеу үшін басында;  педагогтың жаңа материалдарды түсіндіру барысында (тұсаукесер, сызбалар, суреттер, бейне үзінділер және т.б);  ақпараттық-үйрету құралы ретінде;  балалардың материалдарды меңгеруін бақылау үшін қолдануға болады.

Қазіргі таңда түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда.  Көптеген интерактивті бағдарламалар  құруға мүмкіндік беретін  құралдар шығарылған. Солардың бірі -«Флипчарт».

Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жоспарына сәйкес 28 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы «Ер Тарғын» балабақшасының базасында  «Үздік флипчарт сабақ» фестивалі өткізіліп,  аталған электронды көрнекілік жүйесімен жұмыс жүргізетін педагогтардың іс-тәжірибелері зерделенді, шығармашыл педагогтар анықталды.

«Флипчарт»-бұл интерактивті, мультимедиа сияқты қасиеттерді сипаттайтын электронды көрнекілік. «Флипчарт»-бұл материалдарды құруға және көрсетуге болатын жұмыс саласы. «Үздік флипчарт сабақ» фестивалі — ақпараттық кеңістікті  әлемдік білім беру кеңістігімен  сабақтастыру арқылы  мектепке дейінгі  ұйым педагогтарының  шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  ұйымдастырылды. Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласынан (барлығы- 13)  тәрбиешілер қатысқан маңызды шара барысында, әрбір   қатысушының өзіндік шығармашылық ізденісі, интернет ресурстарды тиімді қолдану іскерлігі, оқу қызметін ұйымдастыру  әдістерінің жаңашылдығы зерделеніп, бағаланды.  Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының  шығармашылық орта құруына ықпал жасалынды.

Фестиваль қорытындысымен арнайы номинациялар тағайындалып, жеңімпаздар марапатталды. «Үздік флипчарт сабақ» номинациясымен – Қазалы ауданы №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Р.Аралбаева және Шиелі ауданы  «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Т.Абдрахманова марапатталды. «Үздік кітапхана қорын қолданушы» номинациясын Қызылорда қаласы «Сыр бөбегі» балабақшасының тәрбиешісі  А.Арызқұлова иеленді. «Үздік дидактикалық флипчарт» және «Үздік флипчарт аниматор» номинацияларын Қызылорда қаласының «Сыр дидары» және «Ер Тарғын» балабақшаларының педагогтары А.Асылбек пен Т.Бәкида жеңіп алды. «Үздік флипчарт қолданушы» номинациясы Қызылорда қаласы «Алтын ұя» және Қазалы ауданы №21 «Алпамыс» балабақшаларының тәрбиешілері Н.Жұманова, Н.Нұрыллаға  берілді.

Мектепке дейінгі  білім беру ұйымдары  педагогтарының  қызметін жетілдіруге, тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған фестиваль барысында барлық қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетілді. Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева білім беру салаларын кіріктіру,оқу қызметтерін нәтижеге бағыттап жоспарлау және өтпелі тақырыптардың мақсат-міндеттері бойынша, Арал ауданы №62 мектеп-лицейінің  мұғалімі А.Кикбаев АКТ-негізінде заманауи әдістерді қолдану ерекшеліктері бойынша, IQ оқу орталығының маманы А.Мукушева стандарт талаптарына сәйкес әрбір жас ерекшеліктерін сақтау, үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын   жүзеге асыру мәселелері  бойынша әдістемелік кеңес  берді.

 

Саржанова Т.Б.
«Ер Тарғын» балабақшасының әдіскері,
Қызылорда қаласы

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.