Home » Жаңалықтар » Ақпараттық-коммуникациялық технология оқыту процессінде: теория және практика

Ақпараттық-коммуникациялық технология оқыту процессінде: теория және практика

 

         2017 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» операциондық жоспарына сәйкес ақпараттықтехнологиялар бөлімінің мамандары «Ақпараттық- коммуникациялық технология оқыту процессіне жаңа көзқарас: теория және практика» тақырыбында Республикалық онлайн ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның модераторы Е.Т. Исимбаев, филиал директоры, онлайн шараға қатысушыларды құттықтап, Қазақстанның білім саласындағы сұрақтарды пікір-талас алаңшаларында осындай шаралар көптеген сұрақтарды шешілуіне өзінің себебін тигізетінін атап, конференцияның мақсатын және бағыт бағдарларын атады.

Онлайн конференциия жұмысына 45 білім ұйымдары қатысты, осымен қатар Жамбыл, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола облысы және Алматы қаласы БАҰО АҚ филиалдары қатысты. Іс — шараға Ақмола облысының мектепке дейінгі мекемелері, жалпы білім беретін мектептер, колледждер қосылды.

Негізгі баяндаманы ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Р.А. Муканова «Инновациялық АКТ біліктілікті арттыру жүйесінде пайдалану» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Ересектер білімінде», ERASMUS+ LMPI, «SMART – технологиясын білім процесінде және біліктілікті арттыру жүйесінде» жобаларымен, АКТ және интернет желісін курстық және курс аралық дайындықтарда пайдаланудың барлық аспектілерін атады.

Сандық технологиялардың көмегі арқылы біліктілікті арттыру туралы РБАИБК менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Т. Мұхамбетжанова баяндады.

Интерактивтік Smart – технологияны пайдаланудын нұсқаларымен Жамбыл облысының БАҰО АҚ жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлы) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ш.М. Тойғамбекова өз сөзінде жеткізді.

Білім процесінде робототехника пайдалану бойынша тәжірибелерімен «Роботрек-Кокшетау» халықаралық клубының робототехника бойынша тренері О.Н. Онуфриева және Ақмола облысының білім басқармасы қарамағындағы Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының информатика пәнінің оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Н.Т. Ахметов бөлісті. Оқу процесінде сандық ресурстарын пайдаланудағы тәжірибелерімен иформатика пәнінің оқытушылары А.Б. Бекенова, (Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі), А.С. Токтаганова (Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі), Г.А. Клименко (Ақмола облысының, Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжі) бөлісті.

Іс – шараға қатысушыларына еркін микрофон ұсынылды. Қорытынды бойынша ұсыныстар қабылданды. Белсенді қатысушыларға грамоталар және сертификаттар тапсырылды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Муканова Р.А.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.