Home » Жаңалықтар » Ақмола облысы соттарында QR код жүйесі енгізілді

Ақмола облысы соттарында QR код жүйесі енгізілді

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісімен сотқа келушілерге сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін QR код жүйесін енгізуде. QR код көмегімен сот туралы ақпаратпен, атап айтқанда, соттың байланыс нөмірлерін, мемлекеттік баж соммасын, банкілік реквизиттер, талап қою арыздарының үлгілерімен, нұсқаулықтар және басқа да ақпараттармен танысуға немесе жүктеуге болады.

QR кодтар соттардың және ауылдық округтердің әкімдіктерінің күту залдарында орналасқан.

QR код арқылы азаматтар соттың орналасқан жерін, азаматтарды қабылдау мерзімімен, мемлекеттік баж реквизиттерімен, «Сот кабинеті» сервисімен және тағыда басқа ақпаратпен танысуға болады. Ол үшін азаматтарға күнделікті пайдаланатын смартфонның көмегімен штрих-кодты сканерлеп, экранда көрсетілген сілтемемен соттың парақшасына өту арқылы барлық ақпаратты көруге болады.

Енгізіліп жатқан жаңашылдық соттардың ғимараттарында және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.

Азаматтарға сот жүйесіне енгізіліп жатқан ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ұсыныс білдіре отырып, электронды сервистерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынбыз.

Ержан Сыздықов,
Ақмола облысы бойынша
Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар
және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.