Home » Жаңалықтар » Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі халықпен кездесулер өткізуде

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі халықпен кездесулер өткізуде

 

Ауданда әкім Мереке Мұстафиннің 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ауылдық округтердің халқымен кездесулері басталды? Деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бекітілген кестеге сәйкес ауылдық округ әкімдерінің ауылдарының халқымен есепті кездесулер өткізілген болатын.

Ауылдық округтердің орталық усадьбалардағы халықпен кездесулер Мереке Мұстафиннің бастамасы бойынша жаңа форматта өткізілуде. Ресми баяндамалар мен трибунасыз, кездесулер еркін, ашық түрде өтіп, кездесуге қатысушылар аудан әкімінің өткізілген жұмыс туралы қсықаша есебінен кейін «дөңгелек үстел» нысанда жүргізілетін емін-еркін әңгімеде өзекті мәселелерді қозғап, келешекке жоспарларды талқылай алады.

Осындай кездесулер ағымдағы аптада Исаковка, Викторовка, Приречен, Чаглинка, Қызылегіс, М.Ғабдуллин, Қанай би ауылдық округтері мен Айдабол ауылында өтті.

Исаковка ауылдық округінің тұрғындары өткір тұрған мәселе – жолдың нашар жағдайын атады. Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қолдау көрсетуімен ауылдық округ әкімдігімен және шаруашылық субъектілермен Викторовка-Қостомар ауылдарының аралығындағы жол учаскесіне қиыршық тас төселуде, бірақ жолдың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін ағымды жөндеу жасау қажет. Осыған байланысты, аудан әкімімен тиісті қызметтерге 2019 жылы бюджеттен қаражат бөлуді қарастыру үшін барлық қажетті есептер жасау тапсырылды.

Жол мәселелері Приречен, Қызылегіс, Қанай би ауылдық округтерінде де қозғалды. Аудан басшысы Мереке Мұстафинмен барлық айтылған ескертулер шешу үшін бақылауына алынды.

Халықпен өткен әңгіме барысында ауылдық округтерді абаттандыру, дивидендтер беру, спорт бойынша әдіскерлердің жұмысын белсендіру және тағы басқа да мәселелер талқыланып, оларды іске асыру мен шешу үшін  іс-шаралар жоспары құрылды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.