Home » Жаңалықтар » Ақмола облысында 300-ге жуық оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысты

Ақмола облысында 300-ге жуық оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қатысты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Көкшетау қ. №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты мен №18 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – балалардың бойындағы ғылымдық білімдерін насихаттау және ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылардың халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасындағы білім беделін көтеру.

Олимпиадаға 16 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан аудандық кезеңнің жеңімпаздары – 347 оқушы қатысты. Олимпиада келесі жалпы білім беретін пәндер бойынша өтті: қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география.

Қорытындысы бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегерлері Көкшетау қаласында жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша және Петропавл қаласында гуманитарлық циклдағы пәндер бойынша өтетін Республикалық олимпиадаға қатысады.

Оқушылардың жұмыстарын тексеруде және тәуелсіз бағалауда құзіретті амалмен қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының мүшелері ретінде Көкшетау қ. Ш.Уәлиханов атындағы Университетінен оқытушылар шақырылды: PhD докторлары, профессорлар, ғылымдар кандидаттары, ғылымдар магистрлары, үздік оқытушылар.

7 қаңтар күні «Көкшетау» Мәдениет Сарайында олимпиаданың жабылу рәсімі және қатысушыларды марапаттау өтті.

Құттықтау сөзімен Білім басқармасының басшысы Б.С.Ізбасарова сөз сөйледі.

Ол олимпиаданың қорытындылар анализі аудандық және қалалық мектептердегі оқушылардың белсенді қатысулары туралы түйін шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Біздің жеңімпаздар мен жүлдегерлерімізді Павлодар қаласында жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндер бойынша және Манғыстау қаласында гуманитарлық циклдағы пәндер бойынша өтетін олимпиаданың Республикалық кезеңі күтіп тұр.

Республикалық олимпиаданың қатысушылары қаңтар айының соңына дейін анықталатын болады, қатысушылардың тізімі білім басқармасының сайтында жарияланады. Ақпан айында біз Республикалық олимпиадаға

дайындық бойынша оқу-жаттығу жиналыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 148 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 27 қатысушы- І дәрежелі дипломмен, 35 қатысушы -ІІ дәрежелі дипломмен, 86 қатысушы -ІІІ дәрежелі дипломмен және 32 қатысушы грамоталармен марапатталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.