2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 тамызы аралығында ақмолалықтар мәндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 3,1 млрд.теңгеден астам қаражат аударған. Олардың ішінде 2,8 млрд. (89,4 % жуығы) жұмыс берушілердің үлесінде болса, 333,6 млн.теңгесі (10,6 % жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істеушілердің үлесі деп хабарлайды «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» ҰАҚ Ақмола облыстық филиалы.
Жарнадан бөлек міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарнаны кешіктіріп төлеген үшін айыпбұл өндірілген. Ақмола облысы бойынша жоғарыда аталған кезең үшін уақытында төленбеген жарналар жалпы 8,6 миллион теңге шамасында айыппұл төленген.
Естеріңізге сала кетейік, міндетті әлеуметтік сақтандыру заңы бойынша мемлекеттік кірістер органдары уақытында төленбеген жарнаны қайтарумен айналысып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгілеген бағамы бойынша төленбеген әр күн үшін 1,25 есе мөлшерде айыппұл өндіруге құқылы.
Сонымен қатар, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша алдыңғы уақытта төленген төлемдер бойынша қаражат бар. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор филиалына 26 кәсіпкер ауызша өтініш білдіріп, медициналық жарна төлеуде қате жібергендерін айтқан. Бұл жағдай бойынша қате төленген қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді.
Биылғы жылдың шілде айында шыққан «Медициналық қызметті пайдаланушы МӘСҚ жүйесіне қатысу туралы анықтама беру мен «МӘСҚ төленген қаражат туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет түрі енгеннен соң әр азамат өзінің жарнасы мен төлемдерінің тарихы туралы, сонымен қатар МӘСҚ жүйесіндегі орны туралы анықтама алуға болады. Бұл қызмет түрін ХҚКО-нің аймақтардағы барлық филиалдары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры береді.
МӘСҚ аударылған барлық жарналар мәндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгенге дейін, яғни 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотында жинақталып,сақталатын болады.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері мен жеке кәсіпкерлерінің міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына түскен қаражаттың жалпы соммасы 89,5 млрд.теңгені құрап отыр.