Home » Жаңалықтар » АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА УЛЬТРАЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ  

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА УЛЬТРАЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ  

 

Ақмола облысындағы Көкшетау қаласының оқушылары үшін «Ustudy» Өңірлік Тестілеу орталығы ашылды. Енді, оқушылар заманауи мен ыңғайлы жағдайларда ҰБТ мен емтиханға жақсы дайындалу үшін мектепте алған білім сапасын тексере алатындығы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.  

«Ustudy» өңірлік тестілеу орталығы – бұл «Ustudy» білім беру бренді және Ұлттық тестілеу орталығы іске асырып жатқан жоба. Осыған дейін бұндай орталықтар Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік өңірлерінде, және де Қарағанды қаласында ашылған болатын. Оқушыларға арналған әдемі, ыңғайлы және технологиялық тестілеу орталықтарын ашуға – Ұлттық тестілеу орталығы, Қазақстан Республикасы өңірлерінің білім басқармалары мен «Ustudy» компаниясы қатысқан  жоба. Бұдан басқа, қазір Өңірлік тестілеу орталықтарының желісі білім саласына және жалпы қоғамға өз пайдасын тигізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дайындау бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

Көкшетау қ. Тестілеу орталығы техникалық қамту жағынан да, дизайн мен безендіру жағынан да барлық шешімдерді жинады. Бұл жерде оқушылардың тестілеуден өту процессіне басқа көзқараспен қарауға барлық жағдайлар жасалды. Орталық бір мың шаршы метрдей аумақты алады, 150 қондырмалы орындар  жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың ішкі дизайнымен Қазақстанның алдыңғы қатарлы дизайнерлері айналысты.

Көкшетау қ. Өңірлік тестілеу орталығының салтанатты ашылуына Ақмола облысының білім беру басқармасының өкілдері, қала мектептерінің директорлары мен педагогтары шақырылды. «U-Future» ЖШС тестілеу басқармасының басшысы Алжанбек Қайырбеков Орталық аудиториялары бойынша шағын экскурсия жасады. Ол педагогтарды «Ustudy» Өңірлік тестілеу орталығының қызметімен таныстырып, педагогтардың сұрақтарына жауап берді.

«Өңірлік тестілеу орталығының ашылуы өңір педагогтарының жұмысына көмектеседі,  Ақмола облысында ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді» — деп Ақмола облысы білім беру басқармасының басшысы Балым Ізбасарова айтып берді.

Жыл бойы Өңірлік орталықта оқушылар сынақ тестілерінен өтеді, мемлекеттік бағдарлама бойынша алған білімдері жөнінде есеп ала алады. Бұдан басқа Қазақстанның үздік оқытушыларының видеосабақтар базасына қол жеткізе алатын болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.