11 шілде, 2019 жыл – Бүгін Щучинск қаласында (Ақмола облысы) KazBeef Group компаниясының саладағы ең ірі ет өңдеуші кешенінің ресми ашылуы өтті.
Қазіргі таңда KazBeef Group жемді өсіруден бастап, өнімді қаптауға дейінгі бүкіл толық өндіріс циклін американдық технология бойынша ұйымдастырып, мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстан аумағындағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кешен жанында ондаған шағын ферма – «сателлиттер» шоғырланған, компания олардан жануарларды сатып алатын болады. Осылайша осындай бір «қозғалтқыш» бизнес арқасында бүкіл аймақ дамымақ.
Ет өңдеуші кешен қайта құрылғалы бері жылына өндірілетін өнім көлемі 2000 тоннадан 6000 тоннаға дейін ұлғайтылды. Етті сүйектен айыру және қаптау желісіне арналған жаңа жабдық сатып алынды, ал маусым айында бөлшектеп бөлінген стейктер (Skin Pack) өндірісі іске қосылды. Еттің мәрмәрлық градациясын анықтауға арналған арнайы жабдық сатып алынып, етті сүйектен айыратын екінші желі орнатылды, бір уақытта 1000 тоннаға дейін өнімді сақтай алатын Metro Cash&Carry дистрибьюторлық орталығы салынды.
Кешеннің ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімі орынбасары Ғалымжан Әбдiхалықов, Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, KazBeef Group бас директоры Бейбіт Ерубаев, Kusto Group директорлар кеңесінің мүшелері, Metro Cash&Carry, Kazakh Invest, Rixos Borovoe өкілдері қатысты.
«Қазақстанда мал шаруашылығы әрқашанда кірісі жоғары әрі салтымызға сәйкес сала болып келді. Ал бүгінгі күні бұл саланың ел экономикасы үшін ауқымы мен маңыздылығы жағынан мұнай саласының деңгейіне дейін өсуге бүкіл қауқары мен мүмкіндігі бар. Біздің жеріміз бен тарихымыз Қазақстанның әлемдегі ең көшбасшы ет өндірушілер қатарына қосыла алатындығын айғақтайды», — деп атап өтті Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев.
«Бүгінгі іс-шара – KazBeef кешенінің ашылуы біздің компания тарихындағы аса айтулы кезең болып табылады. Жаңа кешенді іске қосу арқылы біздің отандық ет өніміміздің бүкіл әлемге әйгілі әрі кең сұранысқа ие болғандығын қалаймыз. Қазір Қазақстандағы ішкі нарықтың 70%-ы қосалқы шаруашылықтардан базарға сатылатын еттен құралып отыр. Біз сапасы жоғары өнімді жақсы бағада сата отырып, жағдайды өзгерткіміз келеді. Басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігі. Тұтынушы гормондармен, антибиотиктармен азықтанбаған етті жеп отырғандығын білуі қажет», — деп баса атап өтті KazBeef Group бас директоры Бейбіт Ерубаев.
KazBeef Group – мәрмәр сиыр етін өндіретін Қазақстандағы №1 кәсіпорын. Kazbeef-тің өндіретін еті ең үздік американдық технология бойынша 180 күндік жеммен бордақыланатындықтан, бірегей дәмдік сапасы бар. Көбіне-көп Аргентина мен Бразилияда шөппен бордақыланып, өндірілетін еттен оның басты айырмашылығы осында жатыр.
Компанияның меншігінде Ақмола облысындағы 120 мың гектар жайылым жер бар, онда асыл тұқымды репродукторда ұсталатын ангус және герефорд тұқымдарының 5000-нан аса мал басы бағылады. Сондай-ақ, компания Зеренді ауданында қосымша 5000 ірі қара мал басын жеммен бордақылайды. Үстіміздегі жылдың шілде айының соңында жаңа бордақылаушы алаңды іске қосу арқасында бір уақытта ұсталатын ірі қара мал басы 15000-ға дейін жеткізілмек, бұл ішкі нарықты жыл сайын отандық өндірісте өндірілген сапалы мәрмәр сиыр етінің 6000-нан аса тоннасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Өнім ең үздік генетиканы, сапалы жеммен бордақылауды және жануарларды өсіруге арналған мінсіз табиғат жағдайларын үйлестіреді. Бас артықшылығы – өнімнің азық-түлік қауіпсіздігі FSSC 22000 халықаралық азық-түлік қаупсіздігі менеджементіне сәйкес келеді және де өндірістің әрбір кезеңінде өнімнің сапасына қатаң бақылау жасалады.
Анықтама:
«KazBeef Group» — тігінен интеграцияланған жүйесі бар компания. Алғаш рет 2010 жылы құрылды. Әлемдік асыл мал шаруашылығы нарығында жоғары беделге ие өндірушілерден Ангус және Герефорд асыл етті тұқымын АҚШ-тан Қазақстанға тұңғыш мәрте әкелген кезде 2010 жылы құрылған. Елге әкелінген ірі қара мал сертификатталған және Американың Ангус және герефорд тұқымдары қауымдастығының базасына енгізілген. 2012 жылы компания асыл тұқымды ірі қара малдың тұңғыш жыл сайынғы аукционын ұйымдастырды. KazBeef group компаниясының елеулі жетістіктерінің бірі — American Embryo Transfer Association (AETA) қауымдастығымен бірелесе отырып, 153 жоғары өнімді ұрықты көшіріп отырғызу бойынша табысты жүргізілген жұмыс, осының арқасында жануарлардың ең жақсы генетикалық қоры қамтамасыз етілді. Компания Қазақстан Республикасы нарығына жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келген асыл тұқымды бұқа мен қашарды өткізеді.
2016 жылы өнімнің бас дистрибьюторы болып METRO Cash&Carry сауда желісі таңдап алынды. Kusto Group 2018 жылы «KazBeef Group» ЖШС мажоритарлық акционеріне айналды. Қазір компания қызметіне малды бордақылау, репродуктор, жем өндірісі және ет өңдеуші кешен кіреді.
Қосымша ақпарат:
Айдана Рысбай