«Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Баланы ұлттық құндылықтармен қаруландыру – ұрпақ тәрбиесі үшін негізгі педагогикалық құндылық. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ертеңгі күнге өнегелі, парасатты, білімді, терең ойшыл ұрпақ қалдыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айтылған білімді ізгілендіру, демократиялвндыру,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы тұлғаға бағыттауды біліктілікті арттыру ісін жетілдіру үшін білімділік үрдісті дамыту қағидалары басшылыққа алынады. Дамытушылық – шыңармашылық орта жасау арқылы мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, жаңа жүйеге бағыттап, қызығушылығын қанағаттандыру қажет.
Оқу мен тәрбие үрдісі – баланы дамыту формасы десек, жеке тақырыптарды дамыта оқыту оқушы мен мұғалімнің білімді бірге іздейтін, оқушы өзіне жаңалық аша білетін мүмкіндік жасау.
Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала бір нәрсені орындап болысымен, оданда қиын нәрселермн айналысуы қажет және бала танымға бір қадам жасағанда, дамуға екі қадам жасайды. Таным баланың қоршаған ортасындағы адамдармен бірігіп жұмыс жасағанда ғана бірнеше даму процестері оянады.
Мәселен, қазіргі таңда балаларды топпен оқыту өте тиімді. Дәстүрлі сабақта негізгі сөйлеуші, үйретуші мұғалім юолса, жаңа технологиялық оқу үрдісінде мұғалімнің міндеті оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы, өзбетінше игеруге сенім білдіру, өз білімін дамытуға жаңдай тудыру, оқи алуға үйрету, шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік жасау.Бұл жерде басты тұлға – оқушы, ал мұғалім – жетелеуші, бағыттаушы болып табылады.
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. Мектептегі тәлім – білімге аса зор көңіл бөлу еліміздің білімді, өнерлі, қоғамға пайдалы болып өсуі үшін өте маңызы зор. Мұғалімдік – қастерлі мамандық. Олай дейтініміз, оқушының алдағы өміріне шам – шырақ жағып, оқу – білім, өнерге баулыған ұстаз әр шәшірттің жүрегінде өшпес із қалдырады.
Қазіргі таңда Атырау қаласындағы SilkWay мектеп-лицейінде 2 а сынып жетекшісімін. Болашақ ұрпақ жауапты жігерлі болуы үшін өзімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс – әрекетімді ғылыми тұрғыда ұйымдастырып келемін.
Шығармашылық тақырыбым «Топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыда ойлау модулі бойынша оқушы шығармашылығын арттыру».
Сыни тұрғыда ойлау — бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау талқылаудың нәтижесінде алынған ақпартты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыда ойлау көбіне қарсы пікір айтуға көбіне баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа түрлендірген тәсілдерді енгізуді үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болуы керек деп ойлаймын.
Менің сыныбымда 18 оқушы бар, олар топтық жұмысқа әбден үйреніп, қазіргі таңда өз ойын еркін білдіріп,өз бетімен жаңа тақырыптарды алдын – ала ізденіп, әр сабақтарымда түрліше ой – пікір айтып, талдап, саралап, дамыта оқып, өздерінің сабаққа деген қызығушылықтарын сездіріп келеді, әр сабақтарда, әр оқушы өздеріне көшбасшылық танытады, бірін – бірі бағалап, достық, татулық, ауызбіршілік, ынтымақтастық орнатып, «ұйымшыл сынып»атанып келеді. Сыни тұрғысынан ойлаудың Выготскийдің сындарлық тұрғыдан оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде алынғандығын көрсете алуға болады.
Құзырлы педагог – біліктілігін үнемі көтеріп, оқу – әдістемелік жұмыстарды бүгінгі күн талабына сәйкестеп құра біліп, ғылыми зерттеушілік жұмыстарын жетілдіріп, оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастырып, бала жүрегіне ерекше жол таба білуі қажет. Ғылыми әдістемелік жұмыстар үнемі жан – жақты шығармашылық ізденісті талап ететін әрекет. Сондықтан білім саласының құзырлы тұлғасының зертеушілік пен шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде болуы қажет. Ол бүгінгі күннің талабына жауап беретін, жаңаша ойлай білетін, өзінің де өзгенің де жан –жақты дамуына үлес қоса білетін айналасымен ынтымақтаса білетін, айналасымен ынтымақтастық орнатуға икемді, білімді, тәрбиелі, өз ойын еркін білдіретін, түрліше қиындықты ақылмен шеше білетін, мақсатқа бағытталған шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «…біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін,соның игілігі үшін жасалып жатыр…» демекші, еркін ойлау қабілетімен өз бетінше әрекет жасай алатын, жан-жақты білімді жеке тұлғаны қалыптастыруда шығармашылық ізденіс жұмыстарын жетілдіре беру басты міндетім деп санаймын.
Мусиева Ақмарал Қойшекенқызы,
Атырау қаласы,
ЖШС «SilkWay мектеп — лицейі»
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі